• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Қыркүйек, 2020

ПРАЙМЕРИЗ: Үміткерлер мінберде

430 рет
көрсетілді

Праймеризге қаты­сушылардың екін­ші легі аясында Қос­та­найдағы Жастар сара­йында ашық жа­рыс­сөздер өтті. Ай­мақ­та партияішілік ірік­теу­­дің үгіт кезеңінде 164 пікірсайыс өткізу жоспарланған. Оған жалпы саны 833 адам қатысуда.

Дебат барысында үміт­керлер билік пен бұ­қара халық арасындағы байла­нысты нығайту, жол­дар­дың жөнделу сапасы, кәсіп­керлікті дамыту, аза­маттар­дың азық-түлік себетін еселеу, денсаулық саласын жақ­сарту сияқты өзекті мәсе­лелерді талқылады.

Партияішілік іріктеу ая­сын­дағы алғашқы жа­рыс­сөз 14 қыркүйекте об­лыс орта­лығында өтті. Пікір­сайыс екі кезеңнен тұрады: бі­рінші раундта үміткер­лер өз­дерінің сайлау алдын­дағы ба­ғ­дарламаларымен та­ныстырады, ал екінші раунд­­та «сұрақ-жауап» сес­сия­­­сы­на қатысады.

– Қатысушылардың әр­қайсысының өз сайлауалды бағдарламасы дайын. Үгіт-на­сихат жұмыстарының ба­ры­сы туралы олар ұйым­дастыру комитетіне хабардар етеді, материалдарды www.primaries.kz сайтында немесе арнайы мобильді қосымшада орналастырады. Олармен кез келген партия мүшесі таныса алады. Қазіргі таңда біздің қатысушылар әртүрлі қауым өкілдері­мен кездесу өткізуде, сондай-ақ облыстық филиалдың әлеу­меттік желілеріндегі па­рақ­шада тікелей эфирде көр­сетілетін қоғамдық пі­кір­та­ласқа да қатысуда, – деді пар­тияның  Қостанай қала­лық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Ғазиз Ахметчин.

Айта кету керек, пікір­сайыс әр үміткер үшін, үгіт-насихат жұмыстарының мін­детті шарты. Ол  онлайн да­уыс беру басталардан бір күн бұрын, яғни 30 қыркүйекте аяқталады.

 

Қостанай облысы