Өзбекстанның вице-премьері Уктам Барноев жексенбіде коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Елдегі министрлер кабинетінің өкілі: "Уктам Исаевич Барноев бүгін 56 жасында коронавирус тудырған асқынулардан қайтыс болды", дейді ол.
Уктам Барноев осы жылдың ақпан айында Өзбекстандағы аграрлық және азық-түлік секторларын басқаратын вице-премьер лауазымына тағайындалған. Бұған дейін ол Республиканың Бұхара облысын басқарған еді.