Massaget.kz порталы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммари дайындады. Видеожоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірінші томда Абай адам, азамат ретінде қалыптасады. Ол әрбір сәтте әкесі Құнанбайдың, ағайыны мен өз ауылының мүддесінен әділет пен адамгершілікті жоғары қояды.
Алғашқы томның басында Абай қаладан далаға келе жатады, асығып, алып-ұшып, ауылына оралады. Ал аяғында әділетсіздік пен қайшылыққа толы өз ауылынан өзі безіп, даладан қалаға түңіліп қашып бара жатқандай болады.
Еске салайық, жоба Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарыққа шықты.
Эпопеяның барлық 28 тарауы жыл соңына дейін Massaget TV YouTube-арнасында жарияланады.
Қазір арнада бірінші томдағы "Қайтқанда", "Қат-қабатта", "Жолда","Шытырманда", "Бел-белесте", "Өрде", "Абай жолы" тараулары бар.