• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2020

Еселі еңбек ел ырысына айналар сәт

368 рет
көрсетілді

Қазір Сырда күріш орағы қызып тұр. Несібесін жерден терген диқан қауымы жаздайғы еңбек ел ырысына айналуы үшін барын салып жатыр. Әр өңірдегі науқан барысы, орақтың дер кезінде аяқталуы да тұрақты бақы­­лауда тұр. Облыс әкімі Гүл­шара Әбдіқалықова Сыр­дария ауданына барып, еңбеккер жұрттың тірлігімен танысты.

Алдымен аймақ басшысы Әйтек су торабында болды. Осыдан 16 жыл бұрын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы аясында салынып, қолданысқа берілген құрылғы өзен ағысын реттеп, Сырдария және Жалағаш аудандарындағы егіндік алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Былтыр секундына 750 текше метр су өткізетін құрылғының бетон дуалдары зақымдалып, техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді. Осыған байланысты облыстық бюджеттен 38 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, дуалдар 13 мың тонна таспен бекітілді. Бірақ бұл уақытша шара еді. Мамандар сол тұста қос ауданның қа­жетіне жарап тұрған су тоспасы апат­қа ұшыраса, мыңдаған гектар қаңсып қа­лып, 31 мың адам тұратын 7 елді мекен­ді су басуы мүмкін екен­дігін баса айтқан. Осы жылы облыс бас­шы­сы Гүлшара Әбдіқалықова мәсе­лені Үкі­мет алдында көтеріп, су торабын толық қалпына келтіруге рес­пуб­ликалық бюджеттен 700 млн теңге бөлінді.

– Ендігі мақсат осы қаражатты дұрыс иге­ріп, су торабын қалыпқа кел­­­тіру жұ­мыстарын сапалы істеу. Бұл ау­дан бас­шысының тұрақты наза­рын­да болуы тиіс, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Осы аудандағы Ақжарма ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ая­сында айтарлықтай жұмыс жасалып жатыр. Мемлекеттік бағдарлама шең­берінде ауылдағы жалпы ұзын­дығы 13,6 шақырым болатын 9 көшені орташа жөндеуге 614 млн теңге қара­лыпты. Мұнымен қоса, ауылдағы 4 кө­шені жарықтандыруға, 3 көшеге темір бетонды лоток орнатуға қаржы бөлін­ген. Аймақ басшысы аудан әкімі мен мердігер компания жетекшісіне жөн­деу жұмыстарын тездетіп аяқ­тауды және сапалы орындауды тапсырды.

Бұл ауылда екі ірі шаруашылық бар. Екі құрылым да елді мекендегі әлеу­­­­­меттік мәселелердің оңынан ше­ші­­­луі­не, ауылды гүлдендіруге үлес қо­­­сып келеді. Мысалы, былтырғы Жас­­­­­­­тар жылына орай «Ақжарма 2» фер­­­­­­­мер­­лік қожалығы жастарға жалақы төлеп, саябақ салуға жұмылдырған. Қа­зір ауыл ортасында жайқалып тұр­ған Жас­тар саябағы осы еңбектің нәтижесі.

Қожалық «Қарапайым заттар эко­номикасы» бағдарламасы бойын­­ша «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан 56 млн тең­геден астам несие алыпты. Оған Чехиядан арнайы күріш тазалағыш құрылғы әкеліп, іске қосты. Қазір қырманда бұрынғыдай ала шаңға көміліп, жанталасып жатқан жұрт жоқ. Шаруаның бейнетін жеңілдеткен құрылғы өз тиімділігін көрсетіп тұр. Аппарат сағатына 50 тонна күріш тазартады. Шаруашылықты әрта­рап­­тандыру арқылы 2023 жылға дейін күріш ақтайтын зауыт, пастерленген сүт зауыты, жылыжай және көкөніс қой­масын салу жұмыстары жоспарланыпты. Аймақ басшысын атқарып жат­қан жұмыстармен таныстырған ша­руашылық жетекшісі Марат Бисенов биыл 2000 гектарға күріш егіп, қазір оның тең жартысы жиналғанын айтып өтті. Өнім гектарына 60 центнерден айналуда. Фермерлік қожалық 2017 жылдан бері әртараптандыру бағытында 350 гектарға алма ағашын еккен. Осы жылы бақтан алғашқы өнім алынды.

Сапар аясында облыс басшысы «Шаған Жер» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіндегі №1 өндіріс­тік бри­га­д­асының егіс алқабында болды. Серік­тестікте 350 адам жұмыспен қамтылған.

Ал Нағи Ілиясов ауылындағы «Мағжан и К» серіктестігінің қырма­нын­да сағатына 5 тонна күріш тазаланып, екі ауысымда 40 адам жұмыс істейді. Биыл 5 мың гектардан астам алқапқа күріш сепкен диқандар қазір жартысына жуығына орақ салған. Ауылдың әлеуметтік мәселесін шешуге сергек қарайтын азаматтар ша­руа­­шылықтағы жұмысшылардың жағ­дайына да қарайласып тұрады.

– Қазіргі басты мәселелер егін жинау науқаны мен қысқы мезгілге да­йын­­дық болып тұр. Бұл жұмыстар ұдайы бақылауда тұрады. Жалпы, аудан­да күріш 30 пайыз жиналған. Нау­қан уа­қтылы бітеді деп жоспарлануда. Ал аудандық аурухананың жылу жү­йе­сін­де бірқатар мәселе болғаны рас. Бү­гінде оны жөндеу жұмыстары жүр­гіз­ілу­де. Қазандықты ауыстырып, жы­лу құ­­быр­­ларын жаңарту 10 қазанға дейін аяқ­талуы тиіс, – деді облыс әкімі сапар соңында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

 

ҚЫЗЫЛОРДА