• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2020

Учаскелік инспекторлар институты нығаяды

159 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінде бейнеконференц режімінде ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.

Отырыста Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: нақты іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жол­да­уында айтылған тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Кеңес мүшелеріне Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру, «жұртқа жа­қын полиция» қағидаты бойынша жер­гі­лікті полиция қызметін реформалау, аза­маттардың құқықтарын қамтамасыз ету, ІІМ-де өзіне тән емес функциялардан босату, сондай-ақ Президенттің басқа да тапсырмаларын іске асыру туралы баян­да­ды.

«Жергілікті полиция қызметін реформалауда құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буын болып табылатын учаскелік полиция инспекторларына басты рөл беріледі. Олардың мәртебесін арттыру бойынша шаралар әзірленуде. Учаскелік институтты нығайту, лауазымдық айлықақыны және лауазымы бойынша шекті атақтарды арттыру көзделуде» – деп атап өтті министр.

Құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сала­сын­дағы учаскелік инспекторлардың өкі­лет­тіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аудару, сондай-ақ учаскелік пункт­тер жанындағы жұртшылық кеңестерін қайта жандандыру жоспарлануда.

Ведомство басшысы Қарағанды облысында жергілікті қауымдастықпен серіктестік қарым-қатынас орнату үшін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету­дің «сервистік» форматына көшудің қанатқақты жобасы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жақын арада дәл осындай жоба елордада жұмыс істей бас­тай­ды. Сонымен қатар учаскелік инс­пек­торлардың қадамдық алгоритмдері тәжірибеге енгізіледі.

Отырыста министр ішкі істер органдарында цифрландыру саласының дамуы туралы да хабардар етті: «қылмыстық істерді тергеу кезең-кезеңімен электронды форматқа көшірілуде. Мемлекеттік қызметтерді «цифрға» ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 91% - ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бейнебақылау жүйелері, соның ішінде жол қозғалысы дамуда. Патрульдік полиция планшеттермен, бейнетіркегіштермен, терминалдармен жабдықталған».

Министр сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жеке атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп үшжақты жоспар іске асырылуда. Бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бо­йынша шаралар қабылдануда.

«Мемлекет басшысы еліміздің құқық қор­ғау жүйесіндегі маңызды инсти­ту­ционалдық өзгерістерді анықтады. Министрлік барлық қажетті шараларды қабылдайды», деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

Өз кезегінде, Қоғамдық кеңес тө­ра­ға­сы Марат Қоғамов ІІМ-нің полиция қызметін халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіру жөніндегі белсенді жұмысын атап өтіп, кеңесті ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәсе­лелерінде министрлікке жан-жақты көмек көрсетуге бағыттады.

Сондай-ақ отырыс барысында құ­қық­тық тәртіпті қамтамасыз ету сала­сын­дағы кең ауқымды мәселелер талқы­лан­ды, пікір алмасылды, ІІМ тиісті қыз­мет­те­рінің басшыларына ұсынымдар берілді.