Астана мемлекеттік қызметі хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының өкілі, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық кеңсесінің директоры (UNOSSC) Хорхе Чедиек мырза ынтымақтастықты тереңдету туралы алмасу хатына қол қойды.
Құжат Чедиек мырзаның Консультативтік кеңестің төрағасы болып қоса атқаратын Мемлекеттік қызметтегі инновациялары бойынша Оңтүстік-Оңтүстік желісімен (SSN4PSI) ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Айта кетейік, 2014 жылы Астана мемлекеттік қызмет хабы аймақтық және аймақаралық Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін БҰҰ-ның арнайы сыйлығымен марапатталды.
Аймақтық және аймақаралық серіктестіктер арқылы Тұрақты даму күн тәртібін алға жылжытудағы ортақ мүдделер мен мақсаттарды бөлісе отырып, екі ұйым мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы инновациялар бойынша Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығын нығайтудың бірлескен жоспарын жасауда.
Ынтымақтастық шеңберінде әлеуетті нығайту және «теңге тең» қағидаты шеңберінде білім алмасу мақсатында бірқатар шаралар, сондай-ақ «Matchmaking» іс-шараларын ұйымдастыру ойластырылуда. Matchmaking іс-шаралары қатысушы елдер мен екі ұйымның серіктестері арасындағы ел үкіметтеріне мемлекеттік органдардың білімдері және озық тәжірибелерімен алмасуға және екі ұйымды бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында жақындату мүмкіндігін береді.