Apple компаниясының қызметкерлері пандемия кезінде қашықтан жемісті қызмет атқарған. Желісінен жаңылмаған жұмыс басшылыққа ұнаса керек, енді пандемиядан кейін де олар онлайн жұмыс істемек ниетте, деп хабарлайды Egemen.kz.
Америкалық белгілі компанияның басшысы Тим Кук бүгінде 85% қызметкер үйден онлайн жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Қалған әріптестердің қалыпты жағдайдағы жұмысқа қашан шығатыны әзірге белгісіз. Оның айтуынша, компаниядағы жаңа технологиялық мүмкіндіктер дәл осы пандемия кезінде әзірленген.
Айта кетейік, 1976 жылы құрылған Apple компаниясы iPhone, iPad, iMac, MacBook, iPod сынды жоғары технологиялық құрылғыларымен танымал.