• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2020

Америкалық кинооператор Майкл Чэпмен дүниеден озды

149 рет
көрсетілді

Екі рет "Оскар" жүлдесіне үміткер болған америкалық кинооператор Майкл Чэпмен 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның жұбайы Эми Холден Джонс Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның неден қайтыс болғаны туралы толық мәлімет жоқ. Hollywood Reporter басылымының хабарлауынша, Чэпмен кинооператор ретінде жұмысын бастаған фильмдердің арасында Фрэнсис Форд Копполаның "Өкіл әкесі" және Стивен Спилбергтің "Жақ сүйектері" сияқты әйгілі фильмдер бар.

Чэпмен Мартин Скорсезенің "Құтырған бұқа" және Эндрю Дэвистің "Қашқын" кинофильмдері үшін "Оскар" сыйлығына екі рет ұсынылды.

Сонымен қатар ол "Такси жүргізушісі" және "Соңғы вальс" сияқты атақты фильмдердің операторы ретінде танымал.