• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Абай 23 Қыркүйек, 2020

Омбыда Абай үйі ашылды

482 рет
көрсетілді

Жақында, нақтырақ айтқанда өткен қыркүйек айының 22-і күні  "Отандастар қоры" КЕАҚ және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының мұрындық болуымен Омбы қаласындағы Шоқан Уалиханов көшесінің бойынан һәм ағартушы ғалым оқыған Омбы кадет корпусының дәл іргесінен Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайын іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Сыртқы істер министрлігінің Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының өкілдері, сондай-ақ, "Отандастар қорының" басшылары, "Омбы қазақтары" қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысты.

Бас қосу барысында болашақта Ресей қазақтарының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Abai Uii қазақ мәдени-іскерлік орталық арқылы халқымыздың мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, шет елдегі отандастармен іскерлік және гуманитарлық байланысты нығайту жайлы сөз болды.

Аталмыш орталық негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші бағыт – мәдени-гуманитарлық және қазақ тілін үйрету жобаларын қамтыса, екінші бағыты – "Атамекен" іскерлік​ жобасы бойынша қандастардың екі жақты тиімді бизнес жобаларына қолдау көрсетіледі. Үшінші бағыт – "Жас қазақ" жобасы арқылы шет елдердегі талантты жасөспірімдерді елге тартып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру ісі көзделсе,  төртінші бағыт – "Атажұрт" жобасы бойынша шет елдегі қазақтілді БАҚ-тардың  юасын қосқан қауымдастық құрып, өзара ақпараттық ынтымақтастықты арттыру жайы жоспарланып отыр екен.

Алдағы күндері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және "Отандастар қорының»" бірлескен жобасы арқылы жоғарыдағыдай мәдени-іскерлік үйлер жыл соңына дейін​ Өзбекстан астанасы Тәшкентте, Түркияның үлкен қаласы Стамбулда, Қырғызстан орталығы Бішкекте және Германияның Берлин қалаларында да ашылмақ екен.