• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Қыркүйек, 2020

Қостанайда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 14 340 жұмыс орны ашылды

301 рет
көрсетілді

Мемлекеттік бағдарламаның өңірде жүзеге асырылу барысы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өткен алқалы жиында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Басқосуда басқарма басшылары облыста жүргізіліп жатқан жұмыстардың іске асырылуы мен қарқыны туралы баяндады.

– Биыл "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 53,7 млрд теңге сомасына 282 жобаны іске асыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында аймақта 14 340 жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 5139 адам жұмысқа орналастырылды, ал жалпы 7170 адам жұмысқа орналастырылады. Бағдарламаның басты мақсаты – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен халықты жұмыспен қамти отырып, ауылдарда, кенттерде, шағын қалаларда инфрақұрылымдық даму жобаларын іске асыру болып табылады, – деді Архимед Мұхамбетов.

Жиын соңында облыс әкімі мемлекеттік мекеме басшыларына бағдарлама аясындағы жобалардың жүзеге асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.