• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Қыркүйек, 2020

Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

308 рет
көрсетілді

Алматыдағы Алмалы аудандық сотының мәліметінше, Ж.Ертаевтың барлық мүлкі тәркілененіп алынған, деп хабарлайды Egemen.kz

"Прокурор аса ауыр жаза мен онша ауыр емес жазаны біріктіру арқылы 11 жылға соттауды сұрады. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап етті", деп мәлімдеді сот өкілі.

Еске салайық, оған RBK Bank-тен 144 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған. Бұған дейін Жомарт Ертаев өз кінәсін мойындаған еді.

Сондай-ақ осы іс бойынша мемлекеттік айыптаушылар RBK Bank-тің бұрынғы басқарма басшылары Игорь Мажинов пен Марпа Жакубаеваға, сондай-ақ Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге 8 жыл сұрап отыр.