• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қыркүйек, 2020

Кезекші сыныпта оқитын төрт оқушыдан коронавирус анықталды

522 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпта оқитын төрт оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті растады.

"1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Олар Шемонайха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы", деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылды. COVID-19 вирусы анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы, дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Еске сала кетейік, кеше ШҚО-дағы кезекші сыныпқа баратын оқушыдан коронавирус анықталды.