• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2020

Аида Балаева азаматтарды онлайн форматта қабылдады

92 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, өтініш иелерін қабылдау видеоконференц-байланыстың қолдануымен онлайн-форматта өтті.

Қабылдауда: бүгінгі таңдағы ақпарат саласындағы оң өзгерістер мен жаңаша әдіс-тәсілдер, жастарды түрғын үймен қамтуға қатысты және басқа да қоғам өміріндегі маңызды жайттар сөз болды. 

Шара барысында министрге журналистердің жұмысына қатысты, ақпарат саласы төңірегіндегі бірқатар мәселелер айтылып, журнал басылымының даму жұмыстары талқыланды.

Еске сала кетсек, азаматтар egov.kz электронды үкімет порталы сервисінің көмегімен бейне-конференция арқылы,  Министрліктің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрінің виртуалды қабылдауына қатыса алады.