• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2020

Атырауда шатырдан секіруге оқталған бала құтқарылды

229 рет
көрсетілді

Бұл оқиға кеше, 27 қыркүйекте сағат 16:00 шамасында болған. Б.Момышұлы көшесіндегі  көпқабатты үйдің пәтерінде жалғыз қалған жасөспірім төмендегі дүкен шатырына балкон арқылы шығып, жерге секіруге оқталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Сол маңдағы модульдық полиция бекетінде кезекшілікте болған патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы, полиция кіші лейтенанты Нұрбол Сайып бұл туралы хабар алысымен оқиға орнына жедел жеткен. Ол дүкен шатырынан секіруге оқталған жасөспірімді жерге түсіріп алды. 

"Кейін белгілі болғандай, 11 жасар Диасты анасы үйде жалғыз қалдырып, пәтерді сыртынан кілттеп кеткен. Сол кезде  белгісіз біреулер есікті қатты соққылап, ашуды талап еткен. Қорыққан бала төменде орналасқан дүкен шатырына балкон арқылы шығып кеткен", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Диастың дүкен шатырынан секіруіне жол бермей, жедел әрекет еткен  полиция кіші лейтенанты Нұрбол Сайыпқа оның анасы  алғысын білдірді.