Тілсіз жаудың бірі – су. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жыл басынан бері 25 адам суға кеткен. Су айдындарында демі үзілгендердің арасында үш бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz
"Биылғы көктемде жұқа мұз үстімен өзеннен өту кезінде суға кеткендер кездесті. Ал жаз айларындағы суға шомылу маусымында 14 адам суға батып, қайтыс болды. Бұлардың бәрі су айдындарындағы арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылып, оның соңы қайғылы оқиғаға ұласты", деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің ақпаратына қарағанда, күзгі салқын түссе де адамдар Жайық өзеніне түсуді тоқтатпай отыр.