• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2020

"Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медальдары табысталды

276 рет
көрсетілді

Достық үйінде "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерекелік медальдарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанатты шараға ҚХА қызметіне зор үлес қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді медальдарды табыс етті. Марапатқа ие болғандар арасында мәдениет орталықтарының басшылары, фототілшілер де бар.

ҚХА мерейтойы пандемияның таралуымен тұспа-тұс келіп, жалпы жұмыс барысына айтарлықтай әсер еткен.

"Елордалық ҚХА жедел түрде қайта құрылып, жұмыс жоспарына түзетулер енгізілді. Төтенше жағдайда жұмыстың жаңа түрлері атқарылды. Карантинге қарамастан, елордалық Ассамблея 73 іс – шара өткізді, оның 60-ы онлайн режимде өтті. Ассамблея мүшелері сенбіліктер мен мерейтойлық іс-шараларда, "Біз біргеміз!", еріктілер қозғалысында белсенділік танытты. Еріктілер жылында қарттарға, жалғыз басты адамдарға және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмек, бетперде жеткізуге көмек көрсетілді; медициналық қызметкерлерге ыстық тамақ беріледі",-деді Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.

Қалалық Ассамблея жұмысының басты бағыттарының бірі - қайырымдылықты дамыту.

"Мұқтаж жандарға тек елордада ғана емес, одан тыс жерлерде де көмек көрсетілді. Соның ішінде Арыс, Қордай және Мақтаарал және т.б. аудандарында игі істер жасалды. Тек бірінші жартыжылдықта елордалық Ассамблея жалпы сомасы 36 313 мың теңгеге 70 акция ұйымдастырды", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Достық үйінде ANKLive тікелей эфир студиясы жұмыс істейді. 2020 жылдың барлық мерекелік күндерге арналған тікелей эфирлер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Әртүрлі адамдардың тағдыры туралы бейнероликтер топтамасы #МыпомнимАНК челленджі үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлері туралы "Ассамблея. Тұлға. Тағдыр" жобасы жүзеге асты. Достық үйінде жетістікке жеткен көп балалы әйелдерге, қоғам белсенділеріне арналған "Ана" фотокөрмесі ашылды. Қалалық Ассамблея құрамында азаматтық қоғамның тұрақтылығына ықпал ететін 18 медиатор бар.

Айта кетейік, іс-шара барлық санитария нормаларын сақтай отырып өтті. Сондай-ақ, Талғат Рахманберді қатысушыларды барлық талаптарды сақтауға шақырды.