• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2020

Батыс Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай екпе жүруде

138 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұмауға қарсы 67 мың доза вакцина сатып алды. Жергілікті бюджеттің үнемделген қаражатынан тұмауға қарсы тағы да 59 500 доза вакцина сатып алуға қосымша өтінім берілді. Бұл шаралар облыс тұрғындарының 20 пайызын екпемен қамтуға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы 25 қыркүйекке дейін өңірде 33 301 адам тұмауға қарсы вакцина алып үлгерген. Олардың 80 пайызға жуығы, яғни 5420 адам – денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған 4519 бала, соңғы 6 ай ішінде жиі ауырған 1765 сәби, балалар үйлері мен түрлі интернатта тәрбиеленуші 270 бара да екпе алған. Бұған қоса қарттар мен мүгедектер үйлерінің 806 клиенті, жүрек-тамыр және тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар 22954 адам, айы-күні жақындаған 973 жүкті әйел және мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасынан 3054 адам алдын ала вакцина салдырған екен.

- Тұмаудың эпидемиялық маусымы кезінде облыс тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық шаралармен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау басқармасы облыстық тауарлар мен қызметтерінің сапасын бақылау департаментімен бірлесіп "2020-2021 жж эпидемиологиялық маусымда тұмаудың және басқа жедел респираторлы аурулардың алдын алу туралы" бұйрық шығарды. Осы бұйрыққа сәйкес эпидемиялық маусымда тұмаудың және басқа жедел респираторлық аурулардың таралуын болдырмау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Эпидемияға қарсы профилактикалық шараларды қамтамасыз ету және медициналық ұйымдарда тұмауға және ауыр жедел респираторлық инфекцияларға қадағалауды ұйымдастыру алгоритмдері бекітілді. Әсіресе перзентханалар мен білім беру мекемелері басты назарда, дейді облыстық тауарлар мен қызметтерінің сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әдемі Ғибратқызы.

Халықтың осал топтарын тұмауға қарсы екпемен қамту биылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізіледі. Биыл бұл процедура жылдағыдай 1 қазаннан емес, қыркүйектің ортасынан басталып отыр. Өйткені мамандар ағзаның маусымдық ауруы кезінде дайындалуға уақыты болуы үшін ертерек бастауға шешім қабылдаған. Акция коронавирустық инфекцияның жаңа толқынының пайда болуын болдырмауға бағытталған.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюпов Оралда алғашқылардың бірі болып екпе алды.

 

Батыс Қазақстан