• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Технология 29 Қыркүйек, 2020

Балшық сорғыш кемені суға түсірді

222 рет
көрсетілді

ERG (Еуразиялық Топ) құра­мындағы «Еуроазиаттық энер­гетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр стансасы өзен арнасын тереңдету жұмыстарын атқаратын 1600-45 жобасы Ц480Д дизельді жаңа балшық сорғыш кемені Ертіс өзенінде суға түсірді. Балшық сорғыш кеме Ресейдегі Цимлян кемежасаушы зауытынан 5 жыл­ға лизингке алынған.

Балшық сорғыш кеме «ЕЭК» АҚ электр стансасының энергоблок­тарының конденсаторларындағы суды суытатын №1, №2 жетелегіш арнасында жұмыс атқармақ. Сатып алынған техника станса игілігіне ғана емес, сонымен қатар экологияға оң әсерін тигізеді. Өйткені бал­шық сорғыш кеме Ертіс өзені арна­сындағы тұнба мен лайды тазалайды.

Айта кетерлігі, бұл үдеріс жыл сайын жүргізіліп отырады. Алайда ескі балшық сорғыш кеме арнаның жаға тұсын ғана тазалай алатын. Енді арнаны толықтай тазалауға мүмкіндік бар.

– Бұл балшық сорғыш кемені сатып алу және пайдалану Ақсу электр стансасының энергоблоктарын сумен қамтамасыз етудегі тәуекелдерді жойып, Еуразиялық топ құрамындағы кәсіпорындарды электр энергия­сымен үздіксіз қамтуға жағдай туғы­зады. Сонымен бірге Ақсу кен­тінің тұрғындарын ауыз сумен қамту сенімділігін арттыруға сеп, – деді «ЕЭК» АҚ Ақсу электр стансасының бас инженері Вадим Верещака.

Тартып шығарылатын гидро­қос­палар мен қойыртпақ суды бү­ркейтін арнайы белгіленген учас­келерге қойылып, сорғытылады. Балшық сорғыш кеме – су астынан гидроқоспа түріндегі топы­рақты сорып алатын және шаю кар­тасы немесе үйіндіге тасымал­дайтын техникалық флот кемесі. Гидроқопсытқышы мен механи­калық қопсытқышы бар. Негізгі агрегат өнімділігі – құмды қиыр­шықтасты қоспа бойынша сағатына 80-нен 800 текше метрге дейін же­тетін топырақты сорғы.