• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 29 Қыркүйек, 2020

Мұхтар Тілеуберді Хабибулло Мирзозоданы қабылдады

115 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары Кеңесі хатшылығының Атқарушы директоры Хабибулло Мирзозоданы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы саяси мекеме басшысы Тәжікстан Республикасының төрағалығы барысында АӨСШК үдерісін ілгерілетуде қосқан үлесі үшін Атқарушы директорға шынайы ризашылығын білдірді.

Х.Мирзозода өз тарапынан Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сындарлы ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның төрағалығы барысында АӨСШК мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде сәттілік тіледі.