• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2013

Үкімет сыннан кейін бір ай өтсе де жүйелі ұсыныс жасаған жоқ

221 рет
көрсетілді

Үкімет Мемлекет басшысының сын-ескертпелерінен кейін бір ай өтсе де жүйелі ұсыныс жасамай отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісі экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат Азат Перуашев мәлімдеді.

«Кеден одағы елдерімен саудаға қатысты, Президент «прагматикалық экономикалық есеп, сонымен қатар қай тұста жеңіліп, қай тұста асып түсетінімізге талдау жасауды және не істеу керектігі» жөнінде тапсырма берген еді. Бірақ әзірге Үкімет тарапынан мұндай есеп жасалған жоқ», - деді Перуашев.

Оның айтуынша, «Ақ жол» сарапшылары биылғы жылдың шілде айында 2011-2012 жылдарға талдау жасаған. Ол Қазақстанда жылдан-жылға Кеден Одағы елдерімен сауда бойынша кері сальдо орын алып отырғанын көрсетіп отыр.

«2011 жылы ол 8 млрд доллардан асты, 2012 жылы 10,9 млрд долларды құрады. Осы ретте қазақстандық экспорт төмендеп, импорттың өсуі жалғасуда», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, «Қазақстан-2050» стратегиясының жарияланғанына бір жыл, ал Президенттің жаппай жекешелендіру және квазимемлекеттік секторда мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту бойынша үкіметке таққан сын-ескертпелерінен кейін бір ай өтті. Алайда, әлі де айтарлықтай нәтиже мен жүйелі ұсыныстар жоқ.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар