• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қыркүйек, 2020

Сарқан диқандары бір күнде 275 тонна қант қызылшасын жинады

318 рет
көрсетілді

Алматы облысында қант қызылшасын қазу жұмысы қарқын алды. Бұған дейін өңірдегі қант өндірісі алыптарының бірі –  Көксу қант зауыты биылғы жылдың алғашқы өнімін қабылдауды бастаған болатын. Ал бүгін екінші өндіріс жаңа маусымды іске қосты. Яғни Ақсу қант зауыты аймақтағы Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының шаруалары еккен тәтті түбірді қабылдап өңдейді, деп хабарлайды Egemen.kz

Осылайша Сарқан ауданында қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Биыл аудан бойынша 3167 гектар жерге тәтті түбір тұқымы себілген, одан 126 680 тонна өнім алу ойда бар.  

"Мол өнім алуға негіз бар. Былтыр 2850 га танапқа қант қызылшасы себіліп, одан 97 мың тоннадан астам өнім алған едік. Қазір шаруалардың жаз бойы күтіп-баптап өсіргендерін жинап, еңбек жемісіне кенелетін берекелі де мерекелі шақтарының бірі. Сондықтан қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар да күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды қыздыруда", дейді Сарқан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жандос Өмірсадық.

Жалпы, ауданда қант қызылшасын жинап, тасымалдау үшін барлығы 80 жүк көлігі, 12 комбайн жұмылдырылуда. Ал тәтті түбір қазу жұмысы 86 шаруа қожалының танаптарында бір мезгілде басталған.

Өнім де жаман емес. "Жасқант", "Елубаев" және "Самал" шаруа қожалықтары науқан басталған алғашқы күні-ақ 275 тонна қант қызылшасын зауытқа өткізіп үлгерді.