• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталды

1582 рет
көрсетілді

ІІМ Көші-қон қызметі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл басынан бері қос азаматтығы үшін жауапкершілікке тартылған 284 азаматты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Кейбіреуі азаматтығынан айырылса да, заң бұзушылыққа барып, басқа шет елдің азаматтығымен жүрген. Осыған орай заңды бұзған 266 адамға (277 800 теңгеден 555 теңгеге дейін) айыппұл салынып, қалған 18-і қуғынға ұшырады.

Соңғы екі жылда ІІМ бастамасымен көші-қон саласында 23 халықаралық келісімге қол қойылған.

Солардың ішінде бесеуі көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді (Әзірбайжанмен, Беларусьпен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен), ал он бесі адамдардың реадмиссиясы мәселелерін қарастырса (Беларусьпен, Венгриямен, Германиямен, Қырғызстанмен, Латвиямен, Литвамен, Молдовамен, Норвегиямен, Польшамен, Ресеймен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен, Чехиямен, Швейцариямен және Бенилюкс елдерімен), соңғы үшеуі азаматтардың тараптар аумағында болу тәртібін айқындайды (Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен).

Осы келісімдер арқылы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу тәртібі реттеліп, көші-қон заңнамасын бұзушыларды басқа елдерге беру туралы мәселелері мен шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімдері шешімін тапты.

Халықаралық келісімдер қос азаматтықты болдырмау жөніндегі жұмысты да жеңілдетті. Енді екінші тараптың азаматтығын алу туралы мәліметтерді қазақстандық тарап қысқа мерзімде-ақ алатын болды.