ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-І, 99, 101-құжаттар; №19-ІІ, 103-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 115, 117-құжаттар; №21-І, 124, 126-құжаттар; №22-ІІ, 145-құжат; №22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат; №10, 79-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №4, 7-құжат; №12, 34-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №9, 27-құжат; №10, 32-құжат;
2019 ж., №1, 4-құжат; №2, 6-құжат; №7, 37, 39-құжаттар; №19-20, 86-құжат; №21-22, 90, 91-құжаттар; №23, 103, 108-құжаттар; №24-І, 119-құжат; 2020 ж., №10, 39, 48-құжаттар; №11, 54-құжат; №13, 67-құжат; 2020 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 3 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;»;
2) 138-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер бұрын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құрамына кірген босалқы жер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, онда мұндай жер «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылады.»;
3) 171-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік бағдарламаларда немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген туризм объектілерін салу және олардың жұмыс істеуі мақсатында жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған босалқы жер мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылады.
Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстыру «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №16, 96-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; 2008 ж., №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №13, 114-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., №23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №12, 34-құжат; №23-V, 113-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; 2019 ж., №19-20, 86-құжат; 2020 ж., №13, 67-құжат):
1) 7-бапта:
4) тармақша тоғызыншы абзацындағы «тізбесін бекіту;» деген сөздер «тізбесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін бекіту;»;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру;»;
2) 8-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
16-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-6) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін әзірлеу;»;
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген жағдайда уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыруды жүзеге асырады;»;
4) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын аумақтар жеріне ауыстыру туралы шешімдер қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу талап етілмейді.»;
5) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бұл ретте ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерге ауыстырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және:
1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;
2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі болған кезде жүзеге асырылады.
Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 38-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 қыркүйек
№ 362-VI ҚРЗ