• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Қазан, 2020

Таулы Қарабақтағы ахуал талқыланды

140 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Армян тарапының баста­масы бойынша Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Армения Рес­пуб­ликасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Таулы Қарабақ төңі­регіндегі армян-әзербайжан қақ­тығысының ушығуына байланысты ахуалды талқылады.

Әсет Исекешев әріптесіне Қазақстан тарапының ахуалды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдау, күштік құралдарды пайдаланудан бас тарту қажеттігі, сондай-ақ мәселені тек саяси және дипломатиялық тұрғыдан шешу туралы ұстанымын жеткізді.