• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2013

Өзін-өзі ақтаған қанатқақты жоба

320 рет
көрсетілді

Қазақстан Қорғаныс ми­нистрлігі Қазақстан Қа­рулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет жас офицерлер арасындағы кадр­лар саясатын жетілдіру жө­нін­дегі қанатқақты жобаны іске қосты. Алматыда Құр­лық әскерлері әскери инс­ти­тутының базасында оқу орнын 2011 жылы бітірген үздік жас командирлерге құрмет көрсету рәсімі өт­кі­зілді. Үздік жұмысы үшін жас офицерлерді Қор­ға­ныс министрі Әділбек Жақ­сы­бековтің өзі наградтады.

 

Қазақстан Қорғаныс ми­нистрлігі Қазақстан Қа­рулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет жас офицерлер арасындағы кадр­лар саясатын жетілдіру жө­нін­дегі қанатқақты жобаны іске қосты. Алматыда Құр­лық әскерлері әскери инс­ти­тутының базасында оқу орнын 2011 жылы бітірген үздік жас командирлерге құрмет көрсету рәсімі өт­кі­зілді. Үздік жұмысы үшін жас офицерлерді Қор­ға­ныс министрі Әділбек Жақ­сы­бековтің өзі наградтады.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери институтын бітірушілер әскери қызмет баспалдағын Қорғаныс министрлігі қанатқақты жобасы – кадрлар саясатын жетілдіру бағдарламасы аясында бастаған болатын. Жобаны іске асыру ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен жүргізілді. Бағдарлама бойынша оқытушылар жоғары курстардың өзінде курсанттардың көшбасшылық қарым-қабілеттерінің қаншалықты дамығандығын анықтап, олардың әлеуетіне сәйкес әрі қарайғы қызмет жолына бағыттайды.

Экспериментке алғашқы болып 2011 жылы бітіріп шыққан офицерлер қатыстырылды. Олар бітіру курсында бірнеше топқа бөлінді. Бірінші топқа кәсіптік, моральдық және психикалық деңгейі жоғары курсанттар енді. Осы топтан шыққан жас офицерлер кейінгі қызмет жолында басқалардан жылдамырақ өсті.

Жоғары оқу орнын бітірген жас офицерлер ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде взвод командирі лауазымдарына тағайындалған болатын. Екі жыл ішінде осы лейтенанттардың барлығы дерлік рота командирі лауазымдарына көтерілді. Олардың тәжірибесі мен жоғары нәтижесі осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеді.

– Жаңа жүйесінің жұмыс істейтінін уақыт көрсетті. Ол объективті әрі транспарентті және еліміздің Қарулы Күштерінде енгізілетін болады. Мұны сіздер қызметтегі табыстарыңызбен растап келесіздер. Әрине, бұл сіздердің алдарыңызда тұрған жолдың шағын ғана бөлігі. Сіздердің әрқайсыларыңыз бұдан әрі кәсіптік және арнаулы дағдыларыңызды арттыру үшін жұмысты жалғастыруларыңыз қажет. Сіздер осы жердегі курсанттар үшін қалай қызмет етіп, неге ұмтылу қажеттігі жөнінде үлгі көрсетесіздер. Және де Елбасымыз – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикамыз тәуелсіздігінің күзетінде тұрған жас офицерлердің рөліне ерекше мән беретінін атап өткім келеді, – деді жас офицерлер мен ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институты курсанттары алдында сөйлеген Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков.

Қорғаныс министрлігі әрі қарай да олардың қызметін бақылап отыратын болады. Қазақстан Қорғаныс министрлігі өзінің кадрлық саясатында армияны біліктілігі жоғары мамандармен жасақтауға баса назар аударып отыр.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар