• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2013

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы бизнес өкілдеріне қызметтің бірнеше түрін ұсынады

556 рет
көрсетілді

Көкшетауда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ бастамасымен ашылған жаңа орталық бизнес өкілдерінің белсенді қызметіне жол ашады деген пайым айтылуда. Өйткені, КҚО-ның алғашқы жұмыс күнінде-ақ облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов акционерлік қоғамның басқарма мүшелерімен бірге «Дөңгелек үстел» мәжілісін өткізіп, жиналғандарға кең көлемді түсінік берді.

Көкшетауда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ бастамасымен ашылған жаңа орталық бизнес өкілдерінің белсенді қызметіне жол ашады деген пайым айтылуда. Өйткені, КҚО-ның алғашқы жұмыс күнінде-ақ облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов акционерлік қоғамның басқарма мүшелерімен бірге «Дөңгелек үстел» мәжілісін өткізіп, жиналғандарға кең көлемді түсінік берді.

– Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы бұған дейін жақсы тәжірибесімен көзге түскен Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарының ұстанымдарын дамыта түспек, – деді салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтаған өңір басшысы Қ.Айтмұхаметов. – КҚО шағын және орта бизнес өкілдеріне «Бір терезе» жүйесімен қызмет көрсете отырып, оларды толғандырған барлық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік жасайды. Кәсіпкерліктің сапалық және сандық бағамына оңтайлы әсер ететін бұл орталық облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатыны анық.

– Кез келген кәсіпкер біздің Орталықтың қыз­­ме­­­тін еркін пайдалана алады, – деді «Даму» АҚ басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков. –Жұмыс істеп тұрған бизнес өкілі бізге хабарласса, оған айналым қаржысын толықтырып, жұмысын жандандыруға мүмкіндік беретін қаржы институтын тиімді таңдауына кеңес береміз. Ал, ісін енді бастаушыларға рұқсат алу және тіркеу құжаттарынан бастап, қолға алған жобасының толық жүзеге асуына дейінгі қызметтер кешенін ұсына аламыз. Бастысы, бұрын сервистік компаниялардың шашыраңқылығы кәсіпкерлерге тиянақты кеңес алу үшін уақыт пен қаржы шығыны тұрғысында қолайсыздықтар тудырса, енді олар қажетті ақпаратпен мүлдем тегін қамтамасыз етіледі.

Қолайлылық демекші, орталықта «Атамекен Одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің, Ауыл шаруашылығын қолдау қорының, технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің, ТҚО, екінші деңгейлі банктер өкілдерінің орналасуы кәсіпкерлер қолын ұзарта түсетіні анық. Оның үстіне, КҚО мамандары облыстың аудан орталықтарында айына екі рет жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, кеңес беруді жоспарлап отыр.

Жаңа қызмет орталығының жедел іске кірісіп кеткені де жағымды әсер қалдырды. Мәселен, кәсіпкерлік қызметін енді бастаған Галина Ромашина білікті мамандардың істі неден бастау қажеттігін түсіндіріп, бизнес-жоспар дайындауға, қаржыландырудың тиімді түрін таңдауға көмектесіп, мемлекеттік қолдау туралы дерек бергеніне ризалығын білдірді. Ал, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын Тілеубек Тасов жеңіл несиелер оның саласына бағытталмайды деген қате түсінікте екен. Бүгін ол да мемлекетіміздің несиелік бағдарламалары көптармақты екендігі жөнінде түсінік алумен қатар, айналым қаражатын толықтыруға қажетті құжаттар дайындауға кіріскенін тілге тиек етті.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар