• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2013

«Мемсараптама» қызметінде мін көп

296 рет
көрсетілді

Өңірлік даму министрлігі сарапта­ма қызметін реформалау және бюджет­тік қаражат есебінен салынып жатқан нысандардың жобалау-сметалық құжат­тамаларын әзірлеудің сапасы (ЖСҚ) жөнінде жұмыстарды жүргізуде. Қабылданған шаралар жылжымайтын мүлік нысандарын жобалау саласындағы сараптама қызметінде бәсекелестік ортаны дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен, 2015 жылға қарай мемлекеттік емес сараптама ұйымдарына құрылыс саласындағы жобалардың шамамен 50 пайызын,­ ал 2020 жылға қарай – 90 пайызына дейін беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік сараптаманың қарамағында 2020 жылға қарай бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техника жағынан күрделі жобалардың және бірегей нысандардың сараптамасы ғана қалады.

Сонымен қатар, министрлік құрылыс объектілерін жобалау бойынша сараптама қызметін реформалау жөніндегі Заң жобасын әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуге жолданды. Жобаны Үкіметке енгізу мерзімі – 2014 жылғы ақпан, Парламентке енгізу мерзімі – 2014 жылғы сәуір.

ЖСҚ қарау кезінде жол берілген барлық бұзушылық фактілері бойынша министрлікте қызметтік тексерулер жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-ның бас директорына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК-ның бас директорының екі орынбасарын және басқармалары мен бөлімдерінің жауапты қызметкерлерін жұмыстан босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар