• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қазан, 2020

ХҚО халыққа көңіл күй сыйлайды

154 рет
көрсетілді

Қызылордадағы кез келген ХҚО бөліміне барсаңыз, қызмет алып, жаңа құжатқа ие болып жатқан аналар мен зейнеткерлерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстап жатқан мамандарды кезіктіресіздер.

Мұны Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа дәстүрі десе де болады. Осы­лайша, «Азаматтарға ар­налған үкімет» мемле­кеттік корпорациясы» Қызыл­­орда облысы бойын­ша филиалының мамандары қызмет алуға келген әрбір жанға жылулық сыйлап, көңілдерін табуға тырысуда. Себебі қазіргідей күдігі мен үміті қатар тұрған қиын кезеңде қамкөңілдерге кішкене болса да қуаныш сыйлап, күдігін сейілтуге қызмет етудің де пайдасы бар.

Азаматтардың көпшілігі алғаш жеке куәлік пен төл­құ­жатын, жүргізуші куә­лігі мен сә­би­лерінің алғашқы құжаттарын алған кездерін естен шығармайды. Ал олар­дың осындай ерекше сәт­терінің куәсі – Халыққа қыз­мет көрсету орталықтары. Қыз­мет алушылардың қуа­нышты сәт­терін бірге бөлісіп, жан жылуын сыйлайтын бұл бастама қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде өткізілуде. Өміріндегі маңызды жайттармен байланысты құжат­тарын рәсімдеуге келген әр тұр­ғын ХҚО бөлімінен көтерің­кі көңіл күймен шығып, сый-сыяпаттарға ие болып жатыр.

«Қызмет алушының риза­шылығы біз үшін қашанда қымбат. Бұл бастама­ны қол­даудағы басты мақса­ты­мыз – азаматтарға жылу сыйлау. Бір жағы­нан осындай көріністер маман­дарымызға да күш-қуат сыйлап, ХҚО ішінде ере­к­ше көңіл күй орнайды», дейді «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік кор­по­ра­циясы» КеАҚ Қызыл­орда облысы бо­йынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.

Елімізде орын алған төтенше жағдайдан кейін тұрғын­дардың көңілін көтеру мақсатында жасалып отырған бұл бастама көңіл қуантады. Бұл жерде сыйлықтың көлемі немесе бағасы маңызды емес, бастысы – шын көңілден болуы.