Арменияның Сыртқы істер министрлігі Израильдегі елшісін Ереванға қайтарып алды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл туралы баспасөз-хатшысы Анна Нагдалян мәлімдеді. Оның айтуынша, Израиль Әзербайжанға қару тасымалдап келген. Армения Сыртқы істер министрлігі бұл қадамды қатаң сынға алды.
Айта кетейік, Израиль тарапы Әзербайжанға қару-жарақ жеткізетін басты экпорттаушы ел. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Таулы Карабахтағы әскери қақтығыста осы қарулар қолданылып жатыр.