• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2020

Алматы тұрғындары ыстық су мен жылусыз қалды

213 рет
көрсетілді

Алматыда бірнеше шағынауданның тұрғындары жылу мен ыстық сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мендіқұлов көшесінде диаметрі 800 мм болатын құбырдың және Снегина көшесіндегі диаметрі 300 мм болатын су құбырындағы апатты жағдайға байланысты бірқатар үйге ыстық су мен жылу беру тоқтатылды. Атап айтсақ, "АлТС" ЖШС маңындағы Самал-1-2-3 ықшамауданы, Қажымұқан-Достық, Чайкин-Омаров-Байжанов көшелері бойындағы үйлер", делінген хабарламада.

Барлығы 180 үйге ыстық су мен жылу беру тоқтатылған. Қазіргі кезде "АлТС" ЖШС-і апатты қызметімен қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.