• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қазан, 2020

ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіре алмайды

279 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының азаматтары шетелден анықтамасыз келсе, 2 аптаға карантиндік стационарға жатқызылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Осыған сәйкес Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің ҚР мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес 6 қазаннан бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтіледі.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда, елге кіруге жіберілмейді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасына шетелден әуе рейстерімен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынады.