Шымкентте пойыз астында қалған бір жасар қыздың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz
3 қазан күні таңғы сағат 10:15-те Қызылсай-Шымкент стансасында жүк пойызының астына 1 жасар қыз түсіп кеткен.
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір жасар сәбиді аман алып қалу үшін барлық тиісті ем-дом шараларын жасап бағуда. Алайда балдырғанның жарақаты өте ауыр.
Әзірге болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.