• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қазан, 2020

"Алекс" дауылы Италия мен Францияға да жетті

344 рет
көрсетілді

Италияның солтүстігі мен Францияның оңтүстігіне "Алекс" дауылы соғып, көп елді мекенді су басып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Табиғат апатынан Апеннин түбегінде 2 адам қаза тауып, 20-дан аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Италияның солтүстігінде дүлей желмен бірге жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, бірқатар тас жол мен көпірді су шайып кетті.

Электр желілері бүлініп, мыңдаған адам жарықсыз қалған. Дауылдан Францияда 8 адам жоғалып, іздестіріліп жатыр. 30 мыңнан астам үй жарықсыз қалып, Ницца қаласында мектептер жабылды, Әуежайлар уақытша жұмысын тоқтатты.

Ауа райын болжаушылардың айтуынша, Альпі тауы аймағында 10 сағаттың ішінде 1 жылдық мөлшердегі жауын жауған. Қазір екі елде апаттың салдарымен күрес жүріп жатыр.