2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын тұрақты түрде өткізуге коммуналдық кәсіпорындар ағымдағы және күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен, газ және сумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 97%-ға орындалды. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы 97%-ды құрайды. Облыс бойынша 1185 әлеуметтік сала нысандарының жөндеу жұмыстары 100 % орындалды.
Сонымен қатар облыс бойынша "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімделді. Жалпы қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында.