• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2020

Жамбыл облысында қант қызылшасы жиналуда

367 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы ертеден қант қызылшасын егумен аты шыққан аймақтың бірі. Шаруаға ыңғайлы өңірде жыл сайын мыңдаған тонна тәтті түбір егіліп, өткізіледі. Дегенмен, соңғы уақытта жергілікті шаруалар өздеріне «Меркі қант зауыты» кәсіпорнының қарыз болғанын айтып, шағымданған еді. Бірақ, мәселе қазір оң шешімін тапқан. Сондықтан да бүгінде жамбылдық шаруалар қант қызылшасын жинау науқанына кірісіп кетті, - деп жазады Egemen.kz

Негізінен күз мезгілінің әр күні шаруалар үшін қымбат. Қазір олар жаз бойы күтіп-баптап өсірген өнімдерін жинау үстінде. Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы жылы аймақта 5,4 мың гектар жерге қант қызылшасы егілген.

Бүгінде тәтті түбір жинауды Меркі ауданының шаруалары бірінші болып бастап отыр. Жалпы, ауданда 1,9 мың гектар жерге қант қызылшасы егілген. Осыған байланысты «Меркі қант зауыты» кәсіпорнының ұжымы да өз жұмысына кірісіп, тәтті түбірдің алғашқы өнімдерін қабылдай бастады.

 

Жамбыл облысы