• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қараша, 2013

«Ең бастысы – Елбасы сенімін ақтау»

282 рет
көрсетілді

Кеше Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылуы, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы айтқан сын-ескертпелердің орындалуы барысы, еліміздің мәдениет және ақпарат саласының дамуы мен алдағы міндеттері туралы брифинг өткізді. Төменде біз сол кездесуде айтылған мәселелер мен ойларды іріктеп беріп отырмыз.

Стратегиялық міндет туралы

Елбасымыз өзінің өткен жыл­ғы барша қазақстандықтарға ар­наған тарихи Жолдауында Қа­зақ­станның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын тайға таңба бас­қандай етіп айқындап берді. Президентіміздің әр Жолдауының қандай жағдайда дүниеге келгенінен хабардар адам ретінде әуелі осы Жолдаудың тарихи маңыздылығына тоқтала кеткім келеді.

Естеріңізде болар, Нұрсұлтан Әбішұлы ел дамуының ең қиын кезеңінде 1997 жылы қазақ қоғамын ғана емес, бүкіл Тәуелсіз Мемле­кет­тер Достастығын, біздің барша стратегиялық әріптестерімізді дүр сілкіндірген өзінің алғашқы әрі тарихи Жолдауы – «Қазақстан-2030» Стра­тегиясын жариялады. Бұл өте батыл, өте оптимистік және ешбір әсірелеусіз алысты бол­жа­ған өте көреген құжат болды. Кейін біз сияқты даму жолына түскен көптеген мемлекеттер үшін бұл стратегия мына алмағайып заманда қандай бағытқа бет алып, кімге қарап бой түзейтін бағыт-бағдар болғанын да саяси сараптамашылар әлдеқашан мойындады.

* Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

Кеше Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асырылуы, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы айтқан сын-ескертпелердің орындалуы барысы, еліміздің мәдениет және ақпарат саласының дамуы мен алдағы міндеттері туралы брифинг өткізді. Төменде біз сол кездесуде айтылған мәселелер мен ойларды іріктеп беріп отырмыз.

Стратегиялық міндет туралы

Елбасымыз өзінің өткен жыл­ғы барша қазақстандықтарға ар­наған тарихи Жолдауында Қа­зақ­станның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын тайға таңба бас­қандай етіп айқындап берді. Президентіміздің әр Жолдауының қандай жағдайда дүниеге келгенінен хабардар адам ретінде әуелі осы Жолдаудың тарихи маңыздылығына тоқтала кеткім келеді.

Естеріңізде болар, Нұрсұлтан Әбішұлы ел дамуының ең қиын кезеңінде 1997 жылы қазақ қоғамын ғана емес, бүкіл Тәуелсіз Мемле­кет­тер Достастығын, біздің барша стратегиялық әріптестерімізді дүр сілкіндірген өзінің алғашқы әрі тарихи Жолдауы – «Қазақстан-2030» Стра­тегиясын жариялады. Бұл өте батыл, өте оптимистік және ешбір әсірелеусіз алысты бол­жа­ған өте көреген құжат болды. Кейін біз сияқты даму жолына түскен көптеген мемлекеттер үшін бұл стратегия мына алмағайып заманда қандай бағытқа бет алып, кімге қарап бой түзейтін бағыт-бағдар болғанын да саяси сараптамашылар әлдеқашан мойындады.

Елбасының стратегиялық жос­пары рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асып, «Қазақстан-2030-да» белгіленген межелер мерзімінен көп бұрын орындала бастады.

Қазақстан ғасырлар тоғысын­да­ғы қиындықтарды еркін еңсеріп, дамудың жаңа дәуіріне – жаңғыру мен жаңару кезеңіне аяқ басты.

Міне, ел дамуының осындай ерек­ше кезеңінде – 2005 жылы Елба­сымыз өзінің «Қазақстан – саяси, әлеуметтік және экономикалық жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жариялады. Бұл құжат Қазақстанның Елбасы таңдаған саяси жүйесі замана сынынан сү­рінбей өтіп, әбден шыңдалып, ны­ғайғанын, Мемлекет басшысы жасаған экономикалық моделіміздің бірден-бір дұрыстығын нақтылап, миллиондаған қазақстандықтың әл-ауқатын арттыратын жаңа реформаларға даңғыл жол ашты.

Келесі 2006 жылғы Жолдауда Елба­сымыз еліміздің әлемдегі бә­секеге қабілетті 50 мемлекеті қатарына қосылуы стратегиясын айқындап, барша қазақстандықтар үшін ұлттық идея ретінде қабыл­данған бәсекеге қабілеттілік формуласын анықтап берді.

Шындығында, ұлттық идея деген не? Бұл – Елбасымыз «соқырға таяқ ұстатқандай» көрсетіп берген бәсекеге қабілеттілік емес пе?! Мәселен, егер сіз оқушы болсаңыз – орта білім жүйесі, студент үшін – жоғары білім сапасы, әр саланың ма­маны үшін – өз мамандығының шеберлігіне жету, жалпы мемлекет үшін әлем мемлекеттерінің алдында болу – бәсекеге қабілеттіліктің бас­ты белгісі болып табылады деп білемін.

Елбасымыз өзінің бұдан кейінгі 2007 жылғы Жолдауында өткен екі жыл ішіндегі қол жеткен табыстар мен жетістіктерді қорытындылап, жаңа Қазақстанның жаңа әлем­дегі орны мен алдағы мақсат-мін­деттерін айқындап берді.

Міне, қарап отырсаңыз, Мем­ле­кет басшысының әр Жолдауының астарын­да аса үлкен мән-мағына, стра­­те­гия­лық мақсат-міндеттер мен оларға жетудің әдіс-тәсілдері жатыр.

Елбасы Жолдаулары туралы аз жазылып жатқан жоқ, бірақ соның көпшілігінде терең талдаудың орнына құрғақ мақтау басым. Кең отырып кездесуге уақыт келгенде, бұл тақырыпта еркін пікір алысармыз. Енді өткен жылғы Жолдаудағы мақсат-міндеттерге тоқтала кетейін.

Егер мұқият назар аударатын болсаңыздар, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясынан кейін «Қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа страте­гиялық бағыты» деп жазылған.

Иә, Елбасының тарихи еңбегінің арқасында біз біржолата мемлекет болып қалыптастық. Сондықтан жаңа Стратегия – қалыптасқан мемлекеттің бағыты болып есеп­теледі.

Енді алда қандай мақсат-мін­деттер тұр? Жолдауда соның бәрі анық, айқын көрсетілген.

Бұл табыстарға жету оңай емес. Оны ұстап тұру одан да қиын. Алда сан түрлі қауіп-қатерлер күтіп тұр. Оны бүкіл ел, халық болып еңсеруіміз керек. Міне, осының бәрін ой елегінен, толғам тезінен өткізе келіп, Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясын, басқаша айтқанда, күн сайын құбылып тұрған мына замандағы Қазақстан Республикасының жаңа бағытын ұсынды.

Неге жаңа бағыт? Өйткені, біз әуелгі меже – әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ендік. Еніп қана қойған жоқпыз, әлемдік даму иерархиясының жаңа биігіне өрлей бастадық. Ендігі меже – отыздықтан орын алу.

Бұл – еліміздің мәдениет және ақпарат саласы үшін де түп­кілікті мақсат. Елбасымыз «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясында: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» дей келіп, алдымызға нақты міндеттер жүктеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы стратегиялық межелерге жету үшін бар күш-жігерін жұмсайтын болады.

Елбасы сыны туралы

Мемлекет басшысының сыны өте әділ ғана емес, мәдениет пен ақпарат саласының алдына страте­гия­лық міндет жүктеген сын болды. Егер Мемлекет басшысы алдымызға жоғары мақсат – әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді қой­са, сондай міндетке медиа сала­сы да жетуі тиіс. Біз қазір осы мақсатқа жетуге байланысты барлық шараларды қабылдап жатырмыз.

Телеарналардың бірігуі туралы

Қазір «Білім» және «Мәдениет» телеарналарын біріктіру жөнінде шешім қабылданды. Иә, шынында да бұл арналардың рейтингтері жоғары емес. Бірақ сонымен бірге олардың өз аудиториясы бар екенін де ескеруіміз керек. Мұндай арналардың рейтингтері басқа елдерде, соның ішінде Ресейде де оншалықты мәз болып отырған жоқ. Бірақ білім беру мен ағартушылық телеарналарын жоғары ғылыми, көркем дүниелі салалармен сабақ­тас­тыру қажет-ақ. Сондықтан біз олардағы телекөрермендерге ұнайтын үздік жобаларды сақтай отырып, біріктіретін боламыз. Жаңа телеарна алдағы жылдың басында «Хабар» агенттігінің базасында құрылады. Арнаның тәуліктік хабар тарату уақыты 18 сағатты құрайды.

«24 KZ» туралы

«24 KZ» телеарнасының өзі жұ­мыс істей бастаған жылдан сәл астам уақыт ішінде толық қалыптасып үлгерді. Ол қазақстандықтардың көпшілігі үшін тәулік бойына ең жедел де сенімді бейнелі ақпарат алудың нақтылы көзіне айналды. Көптеген өлшемдер бойынша арна ұдайы еліміздегі ең танымал ақпараттық-жаңалық телеарналары үштігі қатарынан табылып келеді.

«Kazakh TV» туралы

«Kazakh TV» арнасының ықтимал аудиториясы әлемнің 93 мемлекетін қамтиды. Телеарна біздің еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігі мен жеткен жетістіктерін халықаралық аудиторияға жеткізеді. Бірақ аталмыш ресурс өзіне жүктелген міндеттерді толық орындап отыр деп кесіп айта алмаймын. Контент пен тілдік баланста проблемалар бар. Біз қазір оны күшейту мен ірілендірудің мүмкін болатын барлық варианттарын қарастырып жатырмыз.

«Қазспорт» арнасы туралы

Бұл арна бар болғаны 3-4 айдың ішінде танымал болып үлгерді. Бұған өзіндік себептер де бар.

Біріншіден, Мемлекет басшы­сы­ның тікелей қолдауы мен спортты серік етудің үлгісін көрсетуінің арқасында біз спорттық державаға айналдық. Егер мен біздің елімізде үлкен-кіші бірдей не спортпен шұғылданады, не спортқа жан­күйер­лік етеді десем, бұған ешкім таласа қоймайтын шығар. Сондықтан бұл ар­наны бүкіл Қазақстан көретін болды.

Екіншіден, арнаға жақсы ірік­телген және дұрыс дайындалған шынайы кәсіби мамандардың жас толқыны келіп, істі бірден ілгері жылжытып әкетті. Соның арқасында оң нәтиже де көп күттірген жоқ. Бұған таяуда ғана Алматыда болып өткен бокстан әлем чемпионаты толық куә. Ондағы сайыстардың күн сайын қалай керемет көрсетілгенін және хабарлардың жоғары деңгейде жүргізіліп тұрғанын бәріңіз де бай­қаған шығарсыздар деп ойлаймын. Ал комментаторлар қатары­нан оқтын-оқтын Ермахан Ыбы­райы­мов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев секілді даңқты Олимпиада чемпиондарының көрініп, шаршы алаңдағы ұрыстарға лайықты баға беріп отырулары хабарлар құнын арттыра түсті. Басқаны білмеймін, мен өзім тікелей эфирде жүргізілген осы репортаждардан өте жақсы әсер алдым.

«Мәдени мұра» бағдарламасы туралы

Ұлттық мәдениет туралы ой толғағанда, алдымен ауызға сол халық дүниеге әкелген мәдени мұра оралады. Елбасымыз осыдан тура 10 жыл бұрын өзінің 2003 жылғы Жолдауында Үкіметке «Мәдени мұра» бағдарламасын жасауды тапсырған болатын.

Он жыл ішінде ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды. Қазақ тарихына қатысты қытай, моңғол, иран, араб, түрік мұрағаттарындағы, Еуропа мен Азияның өзге де елдерінің сан алуан қорлары мен кітапханаларындағы ондаған мың құжаттардың көшірмесі алынып, ғылыми айналымға түсті. Солардың негізінде көптеген монографиялар, оқулықтар және зерттеу еңбектер жарық көрді.

Қазақстан аумағындағы 37 көне қала зерттеліп, 113 тарихи-мәдени ескерткішке жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қазақ халқының тарихында тұңғыш рет 93 томдық «Бабалар сөзі» деген атпен қазақ ауыз әдебиетінің жинағы жарық көрді.

Ғылыми, фольклорлық экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі», «Қазақтың 50 батырлар жыры» атты бірегей жобалар жүзеге асырылды.

Байқайсыз ба, ұлттық мәдениет Елбасының осыдан 10 жыл бұрынғы Жолдауының шапағатын әлі көру үстінде.

Театрлар туралы

Театрлар туралы қазақ әдебиеті­нің классигі Ғабит Мүсірепов «хас сұлудың көз жасындай әсем өнер» деп айтуындай-ақ айтқан ғой.

Тәуелсіздік жылдары көрші елдердегі көптеген театрлар жабылып, енді бірінде тұтас өнер саласына тыйым салынып жатқанда, біз еліміздегі барлық театрларды сақтап қалдық. Сақтап қана қалған жоқпыз, Қазақстанда кейінгі 20 жыл ішінде 17 жаңа театр ашылды. Қазір еліміздегі театрлар саны 54-ке жетті. Соның ішінде Қарағанды облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ театры, Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы қазақ драма театры су жаңа ғимараттарға көшті. Барлық тозығы жеткен республикалық, об­лыстық театрларға күрделі жөндеу, жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Театр репертуарлары жаңар­ты­лып, үлкен өнерге жас тол­қын өкілдері келіп қосылды. Нәти­же­сінде көрермен театрға қайта оралды. Қазір республикалық театрлар қойылымдарының басым көпшілігі аншлагпен өтуде.

Әрине, әр кездерде де өнерде шығармашылық бәсеке болған. Біреуге ұнаған дүние екінші біреудің көңілінен шықпауы мүмкін. Аға буын мен жас буынның өнер мен ондағы сан алуан бағыт-бағдарларға деген пікір алшақтығы да жиі болып тұратын құбылыс. Бұған түсіністікпен қарау қажет.

Мұражайлар туралы

Елімізде жалпы саны 200-дей музей жұмыс істейді. Соның ішін­де Алматыдағы Орталық мем­лекеттік музей, Ә.Қастеев атын­дағы өнер музейі және Астанадағы Алтын бұйымдар музейі сияқты ірі мұражайлар да бар.

Осы уақытқа дейін Астана қонақтарына қазақ халқының арғы, бергі тарихынан кеңінен мағлұмат беретін мемлекеттік деңгейдегі үлкен музей болған жоқ. Елбасымыз бұл проблеманы да шешіп берді. Қазір Тәуелсіздік сарайының жанынан жалпы көлемі 73 мың шаршы метрді құрайтын Ұлттық музей салынуда. Оны Тәуелсіздік, Астана, Алтын, Тарих және Өнер мұражайларынан тұратын тұтас музейлер кешені деуге әбден болады. Қазір онда негізінен құрылыс жұмысы аяқталып, мұрағаттау ісі басталып кетті. Аманшылық болса, келер жазда ашылатын болады.

Кітапханалар туралы

Қазір Қазақстанда мектептердегі шағын кітапханаларды қоса есептегенде, түрлі деңгейдегі 10 мыңға жуық кітапхана бар. Соның екеуі – ұлттық. Еліміздегі ең үлкен кітапхана Алматыда орналасқан. Оның қорында 6 миллионнан астам кітап бар.

Астананың бір кемшін тұсы кітапхана болатын. Осыдан 9 жыл бұрын Елбасы тапсырмасымен ашылған Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада 800 мыңға жуық кітап бар.

Қазір жастар кітапты аз оқиды деген пікір қалыптасқан. Өз басым онымен толық келіспеймін. Дұрысы, жастар кітаптың электронды нұсқасын оқиды. Мен де қашан кітаптың баспалық нұсқасы қолға түскенін күтпей-ақ, интернеттегі электронды нұсқасын оқуға көштім.

Міне, осындай креативті оқыр­мандар үшін министрлік «Қа­зақ­станның электронды кі­тап­­ханасын» ашты. Қазір онда 4280 кітап, 16 мыңнан астам құ­жат­тардың электронды көшір­ме­сі орналастырылған. Алдағы уа­қыт­та жыл сайын ондағы кітаптар саны толығып тұратын болады. Сіз­дерді де осы ұлттық электронды­ кітапхананы пайдалануға шақырамын.

Тіл туралы

Тіл – біздің елімізде, әсіресе, зиялы қауым мен қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қозғалатын тақырып.

Мен де, өздеріңіз сияқты, қазақ тілінің жанашырымын. Салыстырып көрейікші, қазір бүкіл Қазақстан бойынша қазақ мектептері мен аралас мектептерде қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны еліміздегі мектепке баратын бар­лық оқушылардың 71 пайызын құрайды. Мен кездесу алдында тура осы деректі республикалық Статистикалық агенттік басшысымен нақтылап алдым. Айтыңызшы, осыдан 20 жыл бұрынғы жағдай қандай еді?! Жаңағы мен айтқан пайыздық көрсеткіштен екі есеге жуық төмен болатын. Тіпті, Қазақ ССР-нің кейбір облыс орта­лық­тарын­да жалғыз ғана қазақ мектебі, оның өзі ауылдан келіп оқитын балаларға арналған мектеп-интернаттар болатын. Бүгінгі жағдай мүлдем басқаша.

Осыдан 10 жыл бұрын респуб­ли­камыздағы кейбір телеарналар мен радиостансалар ішінде қазақ тілінде жарты минут та хабар таратпайтындары аз болған жоқ. Қазір солардың бәрі заң шеңберінде кемінде 50 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға міндетті. Әрине, олардың сапасы мен көрсететін уақыты жөнінде қоятын талабымыз да жоқ емес.

Қазақ тіліндегі газет, журналдар­дың таралымы да артып келеді. Оның көш басында 200 мыңдық тиражбен «Егемен Қазақстан» тұр. Республикамыздағы бірде-бір орыс тілді газет осы көрсеткішті ма­ңайлай да алмайды.

Алдағы уақытта қазақ тілін­дегі газет-журналдар өз басылым­дарының сайтына ерекше назар аударулары қажет. Бүкіл дүние жүзінде баспа түріндегі басылымдардың саны да, тиражы да азайып келеді. Мәселен, өткен жылы желтоқсанда әлемге әйгілі «Newsweek» журналы өзінің ең соңғы баспа нұсқасындағы нөмірін шығарды. Сондықтан қазақ тілді басылымдар, әсіресе, журналдар өздерінің сайттарын дамытуды мықтап қолға алғандары жөн. Бұл – заман талабы.

«Қазмедиа орталығы» туралы

Әлемдегі ең озық, ең соңғы техникамен жарақтандырылған медиа орталық – Мемлекет басшы­сының еліміздің теле және радио­жур­налистеріне тартқан ғаламат сыйы.

Мұндай орталық бүгінде ТМД елдерінің бірде-бірінде жоқ. Тіпті, әлемнің өзінде саусақпен санарлықтай.

Егер бұрын мемлекеттік арна­лардың өзінде «суреттер» алуан­ сапалы болып экранға шығып жатса, қазір осы орталықтың арқа­сында барлық телеарналар біртұтас жоғары стандартқа қол жеткізді. Мұны менің әріптестерім де, көрермендер де байқап үлгерді.

Рейтингтер туралы

Рейтингтер әртүрлі болады. Мысалға TNS «Gallup Media Asia» мәліметі бойынша, «Қазақстан» телеарнасының рейтингі 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалаларда 6-шы орынға қоныс тепсе, тап осы компанияның мәліметі бойынша 100 мыңнан аз тұрғындары бар елді мекендерде бірінші орында тұр!

Бұл ауылдық жерлерде жұрттың ең алдымен «Қазақстан» арнасын көретінін көрсетеді.

Бірақ мен қазақ тілді телебағдар­ла­малардың бәрін іске алғысыз етіп сынайтындардың ұстанымдарын түсінбеймін. Мұндай «әсіре сыншылар» арасында мемлекеттік тілді мүлде білмейтіндер де бар. Олар маған: «Мен Пастернакты оқыған жоқпын, бірақ оны жат адам деп есептеймін», – деген кейбіреулердің позициясын еске түсіреді.

Тілдік тепе-теңдікті сақтау туралы

Меншік формасының қандай екеніне қарамастан, қазақ тілді контенттің еліміздегі кез келген телеарнада 50 пайыздан кем болмауы керектігін білдіретін заң бар, осыны анық жүйелеп берген заңнама нормалары бар. Біздің саламызда жұмыс істейтіндердің бәрі бұл норманы бұлжытпай орындаулары керек.

Мен әлдекімдерді жазалауға құштар болып отырған жоқпын. Бірақ аталмыш салада заңнаманың анық бұзылып жатуына көзді жұмып қарай алмайтынымды да ашық айтамын. Біз осы кезге дейін барлық тәртіп бұзушыларды екі реттен ескертіп шықтық, соңғы рет мұндай әңгіме 22 қазанда көтерілді. Сол кезде бәрі жағдайды 1 желтоқсанға дейін түзейтіндерін айтып, уәде берді. Біз осы кезге дейін әріптестерімізге сеніп келдік. Ал ендігі жерде заң талабын өрескел бұзушыларға лицензиясын алып қоюға дейінгі шараларды қолданатын боламыз.

Сериалдар туралы

Сериалдардың үлкен сұранысқа ие екендігі және олардың телеви­зия­лық рейтингтерді көтеруде айтар­лықтай рөл атқаратыны белгілі.

Осы «көпіршікті» кинофильм­дер­ді сатып алуға мемлекеттің өте көп қаржысы кетіп жатыр. Сосын оларды трансляция жасауға тиісті қаражат жұмсалады. Сондықтан биыл мемлекеттік телеарналарға жаңа сериялық өнімдерді сатып алуға тыйым салынды. Келесі жылдан бастап оларды көрсету толықтай тоқтатылады. Бәлкім, бұл жаңалық әлдекімдерге ұнамайтын да болар, бірақ кәсіпқой тележурналистер мен кино өнерін шынайы бағалаушылар қуанатынына нық сенімдімін.

Біз түрік-корей сериалдарының орнына сапасы жоғары отандық фильмдерді ұсынатын боламыз. Бұл жөніндегі алғашқы тәжірибеміз де сәтті шықты. Мен бұл жерде «Қа­зақстан», КТК және «Еуразия-Бірінші» телеарналарының бір­лес­кен шығармашылығымен түсіріліп, елімізде ғана емес, сонымен қатар, шетелдерде де үлкен табыспен көр­се­тілген Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған партизаны, Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов тура­лы «Қасым» телесериалы туралы айтып отырмын. Оны қазірдің өзін­де Авс­тралия, Франция, Бельгия, Люк­сем­бург, Швейцария және Израиль мемлекеттері сатып алды. Мұны шы­нында да әріптестеріміздің үлкен твор­честволық табысы деп бағалаған жөн.

Біз қазір осы жетістікті ұлғайту жолында бірқатар жұмыстарды жа­сап жатырмыз. Қазақстан көрер­мендеріне өзінің «Рэкетир», «Ағайындылар», «Жаужүрек мың бала» фильмдерімен ұнап қалған режиссер Ақан Сатаев енді Бауыржан Момышұлы туралы картина түсіруге кірісті. Ал кинодағы тұсаукесерін «Ғашық жүрек» лентасымен кескен Баян Есентаева таяу уақыттарда Күләш Байсейітова туралы туындысын көрермен назарына ұсынатын болады. Тұтастай алғанда, келесі жылдың соңына дейін жалпы саны 345 сериядан тұратын 21 сериал түсірілмекші. Мұның қаншалықты орасан зор жұмыс екенін, осы сериалдарға қанша актер, қанша режиссер, қанша оператор тартылатынын өзіңіз пайымдай беріңіз. Осының арқасында қаншама творчестволық ойлар мен тұжырымдар жүзеге асады десеңізші! Бұл жерде кезінде көптеген жұлдыздардың өнердегі алғашқы қадамдарын тап осындай жобалардан бастағанын да естен шығармасақ керек.

Алдағы жылы бұл бағыттағы шығармашылық жұмыстар жалға­сын табады. Біз бір жағынан талант­ты жастардың өздерін отандық ки­нофильмдерде көрсетулеріне мүмкіндік береміз. Екінші жағынан өз телеэфирімізді сапалы, мазмұнды және танымдық бағыттағы қазақ­стан­дық телеөнімдерге толтырамыз.

Мемлекеттік-ақпараттық тапсырыстар тарифтері туралы

Иә, расында да қазір телеөнім­дер­дің қолданыста жүрген тариф­тері ескірді. Өткен жылы ол сағатына 120 мың теңгені құраушы еді. Тележурналистика саласында қызмет етушілер жақсы біледі, прайм-таймның минутының өзі бұдан әлдеқайда қымбат.

Биыл біз екі түрлі зерттеулер жүргіздік. Бағаларды қайта қарадық. Соған орай екі елеулі өзгеріс енгіздік. Біріншіден, министрлік енді минутына 40 мың теңгеден төлейді. Бұл айтарлықтай тартымды тариф. Екіншіден, біз сағаттар мен минуттарға емес, нақты шығармашылық жобаларға тапсырыс береміз. Осы екі өзгерістің нәтижесінде қазір КТК, НТК, 31-арна, СТВ және «Астана» секілді 5 мемлекеттік емес арна мемлекеттік тапсырыстарды орындап жатыр.

Мемлекеттік тапсырыс туралы

Мемлекеттік тапсырыстар туралы не ештеңе айтылмайды, айтыла қалса, сынау-мінеу басым болып шығады.

Біз ешкімді де мемлекеттік тапсырысқа мәжбүрлемейміз. Оны берген күнде де, редакцияның ішкі саясатына араласпаймыз.

Егер біздің БАҚ-тарымыз елі­міздің саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыруы бары­сын белсенді түрде көрсетіп тұра­тын болса, неге оларға қолдау жасамас­қа?! Иә, бұл мақсаттарға бөлінген қаржы да соншалықты көп емес. Бұл жөніндегі ақпарды ашық түрде айта аламын. Тек биылғы жылдың өзінде 70-ке жуық БАҚ жалпы жиынтығы 700 млн. теңгеге жуық мемлекеттік тапсырыс алды. Меніңше, бұл тым көп қаражат емес.

Бұқара­лық ақпарат құралдарын мемлекеттік реттеу туралы

Қазақстандағы барлық азаматтар, соның ішінде қоғамдық пікірді қалыптастыруға атсалысатын бұқара­лық ақпарат құралдарының өкіл­дері екі бастан сақтауға мін­детті болып саналатын ережелер де бар. Бұл ережелер ең алдымен бүкіл­қазақстандық құндылықтарды – еліміздің қауіпсіздігін, халықтардың бірлігін сақтауға, әлеуметтік, ұлт­тық және діни алауыздықты тұтатуға жол бермеуге қызмет ету­ге бағытталған. Егер біз шын мәнінде де өз Отанымыздың пат­риоты болсақ, мемлекетіміздің ұдайы нығаюына қызмет етуге міндеттіміз. Күллі әлемде осы қағидаттар қатаң сақталады. Сондықтан менің әріптестерім діни экстремизм, лаңкестік, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызу секілді қоғамымызға кері әсерін тигізетін барынша өткір мәселелер күн тәртібіне қойылған кезде жоғары кәсіби деңгейден табылып, мұндай әрекеттерді батыл сынға алуға тиіс.

«Астана Операның» премьералары туралы

«Астана Опера» – Елбасы тапсырмасының жемісі. Оның жобасын таңдаудан бастап, салынып бітуіне дейін ұдайы өз бақылауында ұстады. Болашақ театр ғимаратына байланысты ұсынылған жобалар өте көп болды, соның ішінде модерндік нұсқалар да кездесті. Бірақ Мемлекет басшысы классикалық театр үшін ғаламат классикалық жобаны өзі таңдап алды. Соның арқасында «Астана Опера» біздің елордамыздың көркін аша түсетін керемет дүние болып шықты және осы саладағы әлемдегі ең таңдаулы театрлардың біріне айналды.

Алдағы аптада сіздерді тағы бір жағымды жаңалық күтіп тұр, Борис Эйфманның хореографиясы бойынша «Роден» балетінің премьерасы қойылады.

Шетелдерде кадрларды даярлау туралы

Тәуелсіздік жылдарында Мемле­кет басшысының инициативасы және қолдауы арқасында 10 мың жас «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алды. Бұл шынында да ерекше жоба. Атал­мыш бағдарлама бойынша оқып қайтқандар арасында біздің әріптестеріміз де аз емес. Тек биыл­ғы және алдағы жылы ғана Пре­зи­дент бағдарламасы бойынша 20-дан астам журналист шетелдерде білім алатын болады. Олардың 7-уі ВВС-де стажировкадан өтіп қайтады.

Бүгінгі таңда америкалық және еуропалық театр және кино жо­ғары оқу орындарының көптеген түлектері «Қазақфильм» жүйесінде қызмет етіп жүр. Олардың бірқатары өздерінің алғашқы фильмдерінің түсірілімдеріне кірісіп те кетті.

Мен осы орайда жағдайды пайдалана отырып, шетелдерде оқығылары немесе стажировкадан, өткілері келетін әріптестерімнің бәріне өтініштеріңізді беріңіздер, өз біліктіліктеріңіз бен шетел тілін білетіндеріңізді көрсетіңіздер, біз сіздерге жәрдем беруге дайынбыз, дегім келеді.

«Қазақфильм» туралы

Бүгінгі таңдағы кинематография әлемінде бәсекелестік өте жоғары. Мұндай бәсекеде Антониони, Фел­лини, Бертолуччи сияқты алыптары бар атақты итальян киносы ығысып, Голливудқа жол берді. Кино барынша коммерцияланып кетті. Ашығын айтуымыз керек, мұнда АҚШ киногерлері қар­жы жағынан да, тамаша актерлер мен режиссерлерді көптеп тар­туда да, прокат жүйесінде де алда­рына жан салмай тұр. Ал Еу­ропа киноөндірісінде құлдырау байқалғанымен, дәл қазір қазақ киносы дағдарыс жағдайынан еркін шығып кетті деп батыл айта аламын. Бізде киноны қаржыландыру да жыл санап өсіп келеді.

«Қазақфильм» қазір жыл сайын 30-ға жуық көркем, анимациялық және деректі фильмдер түсіреді. Онда соңғы жылдары түсірілген «Сталинге сыйлық», «Мұстафа Шоқай», «Сіз кімсіз, К мырза?», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Шал» секілді көптеген картиналар біздің көрермендеріміздің ғана көңілінен шығып қойған жоқ, олар сонымен қатар, қазақ киносының деңгейін сапалық жағынан тағы бір белеске көтерді деп білемін.

Алаш мұрасы туралы

Алаш идеясы XXI ғасырға да қызмет істеуде десем қателеспеймін. Егер XX ғасыр басында Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!» деп елін сілкінуге, серпілуге шақырса, қазір Елбасымыз Қазақстанды әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосты. Енді дамыған отыздыққа қарай бет алдық. Егер ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов өзі мектеп ашып, оқулық жазып, ғылым-білімді игеруге шақырса, Елбасымыз дүниежүзінің кез келген мектебі, университетімен те­ре­зесі тең тұратын Назарбаев зият­керлік мектептері мен Назар­баев университетін ашып, қазақ жастарына әлемнің ең озық тала­бына сай білім бергізуде. Егер Мұх­тар Әуезов: «Ел боламын десең, бе­сігіңді түзе», десе, Елбасымыз тек кейінгі 4-5 жылдың ішінде 500-ге жуық жаңа мектеп, мыңнан астам балабақша салдырып, ел ертеңі саналатын жас бүлдіршіндер мен жеткіншектерге еркін білім мен тәрбие бергізуде.

Бір сөзбен айтқанда, Алаш қайраткерлері армандап, жүзеге асыра алмай кеткен асыл идеяларды Елбасымыз іске асырды деп нық сеніммен айта аламын.

Соңғы жаңалықтар