• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы 123 жолаушы стационарға жатқызылды

229 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы 123 жолаушы ауруханаға жатқызылып, екі жолаушы департацияланды. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Нұр-Сұлтан әуежайына Scat, Велавия және Air Astana әуе компанияларының ұшақтары қонды, бортта барлығы 521 жолаушы мен 48 экипаж мүшесі болды. Рейстер Шарм-эль-Шейх (чартерлік), Минск, Дубай және Ыстамбұлдан орындалды.

"123 жолаушының ПТР-сынақтары болған жоқ, олар стационарларға жатқызылды. Түркия мен Беларуссиядан келген екі жолаушы департацияланды. Жоғары температуралы жолаушылар анықталған жоқ. ПТР тестін тапсырғаннан кейін жолаушыларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жатқызылады", деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар