• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2020

Павлодар облысының шекараға жақын 4 ауданында стационарлар ашылды

117 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанова шекарадан кірерде анықтамалары болмаған Қазақстан азаматтары аудандардағы стационарларға жатқызылатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал анықтамасы бар, алайда, шекарада жоғары дене температурасы анықталған өзге елдің азаматтары Павлодар қаласындағы инфекциялық стационарға жеткізіледі.

"Облысымызда шекараға жақын Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс аудандарында еліміздің азаматтары үшін 10-30 орынды карантиндік стационарлар ашылды. Қазіргі уақытта Успен ауданында – 10, Шарбақтыда – 6, Железинде – 5-7 адам карантинде жатыр. Сондай-ақ шекарада медициналық ұйымдармен бекеттер қойылған", деді Сәуле Арыстанова.

Айта кетейік, шекарадан өту туралы жаңа қаулы қабылданған күні таңертең Қазақстанға 98 адам кірген. Оның ішінде 5 азамат кері қайтарылған.