Кеше, 6 қазанда "Ыстамбұл – Атырау" халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген, деп хабарлайды Egemen.kz
Оның ішінде 95 жолаушыда ПТР-тесттің қорытындысы туралы анықтама болған. Ал мұндай анықтамасы жоқ 20 жолаушы стационарлық карантинге жатқызылды. Сондай-ақ Амстредамнан келген жолаушы да карантинге орналастырылды.
"Бүгін ПТР-тест қорытындысы белгілі болды. Карантиндік стационардағы жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ", деп хабарлады Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырова.