• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Қазан, 2020

40 мыңнан аса дәрігер үстемеақы алады

126 рет
көрсетілді

Дауасыз дертпен күрес кезінде күні-түні тынбай қызмет етіп жүрген дәрігерлерге демеу көрсету маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін қосымша 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Осы ретте қыркүйек айының қорытындысы бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан 40 мыңнан аса ақ желеңді азаматқа болжамды үстемеақы үлестіріледі.

Өткен ай бойынша жалпы төлемдер сомасы 10 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Орталық ком­муникациялар қызметі орта­лығы алаңында Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төке­жанов кеңінен айтып берді.

«Қазіргі уақытта үстеме­ақы алушылардың тізімін қалып­тас­тыру бойынша өңірлік комис­сия­лардың жұмысы жүргізілуде. Тізім­дерді ұсынғаннан кейін қор ай сайынғы қосымша ақыларды төлеуге кіріседі. Біз бұл жұмысты әдеттегідей 20 күнге дейін аяқ­тау­ды жоспарлап отырмыз», деді Б.Төкежанов.

Қауіпті жағдайда жұмыс істеу­ге тартылған медицина қыз­мет­керлерінің саны эпидемиялық жағдайға байланысты ай сайын өзгеріп отырады. Егер наурыз айында бұл жұмыстарға 19 мың медицина қызметкері тартыл­са, шілде айында олардың са­ны 79 мыңға жетті. Нақтырақ айт­сақ, наурызда 19 340 медицина қыз­меткері – 3,4 млрд теңге, сәуірде 42 926 – 7,6 млрд теңге, мамырда 40 416 – 8,7 млрд теңге, маусымда 53 160 – 12,3 млрд теңге, шілдеде 78 963 – 24,9 млрд теңге, тамызда 66 249 маман 16,8 млрд теңге мөл­шерінде қосымша төлем алды.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне осы жылдың екінші жартыжыл­ды­ғына ынталандыру үстеме­ақыларын төлеуге 150 млрд теңге бөлуді тапсырды. Осы тап­сыр­маны орындау үшін қор жыл соңына дейін медицина қызмет­керлеріне үстемеақы төлеу үшін қаржыландыру қажет­­ті­гіне болжамдық есептеулер жүр­­гізді. Қажетті қаржы шама­­мен 135 млрд теңгені құрай­ды. Қор пандемияның күр­делі жағдайында алдыңғы қатарда тұрған әріптестерімізге үстеме­ақыны уақтылы және жедел төлеу бойынша өз жұмысын жалғастырады», деді қор басшысы.

Сонымен қатар КВИ жұқ­тыр­ған медицина қызметкерлерінің 81%-ы, яғни 4 550 адам өтемақы ал­ған екен. Мұндай деректі ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қыз­меттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев келтірді.

12 830 медицина қызметкері COVID-19 және пневмониямен ауырса, оның ішінде 8 442 маман індетті жұмыста жүріп жұқтырған. Өңірлік комиссиялар өлім жағдайлары бойынша 182 өтінімнің 82 жағдайын қарады. Жалпы, өтемақыны 45 отбасы немесе Еңбек министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі растаған өтініштердің 82%-ы алды.

Өтініштерді қарауды жеделдету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс тобын құрды. Оның мүшелері онлайн режімде қабылданбаған өтінімдердің әрбір фактісін қарады, себептерін, бұзушылықтарды түсінді. Нәти­жесінде, қабылданбаған өтінімдер саны 2 есе азайды. Күн сайын деректер жаңартылады.