• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қазан, 2020

Елордада карантин кезінде сұранысқа ие мамандықтар анықталды

197 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда құрылыс, сауда, тамақтану және денсаулық саласындағы маманадықтарға сұраныс көп, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әсіресе, жұмысшыларға, жүк көлігі жүргізушілері мен монтажшыларға сұраныс жоғары.

Атап айтқанда, құрылыс саласында прораб, шебер, тас қалаушы, арматурашы, инженер-сметашы, бетоншы, ТҚҰ инженері, әртүрлі жұмыс істеуші жұмысшылар қажет болса, сауда саласында сатушы, кассир, менеджер, супервайзер, мерчендайзер кадрлардың тапшылығы байқалады.

Денсаулық сақтау саласында дәрігер, медбике, санитарлардың жетіспеушілігі бар болса, тамақтану бойынша түрлі тағамдар цехына аспаз, ас-үй қызметкері, наубайшы, кондитерлердің қажетігі жоғары.

Бүгінгі, яғни 7 қазан күнгі жайдай бойынша, «Нұр-сұлтан қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы» МКК «Электрондық еңбек биржасы» порталында сұранысқа ие 1678 бос орын жарияланды. 653 жұмыс берушіден 5 712 бос жұмыс орны тіркелген. Оның ішінде 313-і – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған вакансия.

Сондай-ақ икемді жұмыс кестесі бар 89 жұмыс орны тіркелген. Жастарға арналған бос орындар – 1315, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға 10 кәсіпорынға 394 бос жұмыс орны берілген.

2 085 адам 100 000 теңге көлемінде жалақы алса, 2 090 адамға 150 000 теңгеге дейін еңбекақы тағайындалған, ал 1 537 адамның жалқысы 150 000 теңгеден асады.Айта кетсек, елордалық жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамту жол картасы» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Қоғамдық жұмыстар» бойынша бос жұмыс орындарын ұсынады.

Барлық қосымша ақпаратты Халықты жұмыспен қамту орталығының cz.astana.kz ресми сайтынан және әлеуметтік желілерден табуға болады.