Нұр-Сұлтанға демалыстан оралған 122 жолаушы карантиндік стационарға орналастырылды. Бұл туралы елордалық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қазанда Нұр-Сұлтан әуежайына Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai әуе компаниясының ұшақтары келіп қонды, бортта барлығы 828 жолаушы мен 36 экипаж мүшесі болған. 122 жолаушыда ПТР-тест болмаған, олар карантиндік стационарға орналастырылды.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы 123 жолаушы стационарға жатқызылды.