• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қазан, 2020

ШҚО-да күре жолды қар басып қалды

631 рет
көрсетілді

Қылышын сүйреген қыс Алтайға келіп те қалды. Бүгін Өскемен – Рахман қайнары, Өскемен – Риддер бағытындағы тас жолды қар басып, көктайғақтың кесірінен көліктер жүре алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күн райының күрт бұзылуынан жол-көлік оқиғалары да орын алған. Жол жиегіне аунап кеткен бір көлікте екі ересек, үш бала болған екен. Оларға Глубокое аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көмек көрсетіп, Быструха ауылына жеткізген. Ал жолда қалған жолаушылар жол тазаланғанша "Вахтовка" көлігінде күтті. Көмекке облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыла кіріскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарына аса қажет болмаса, елдімекеннен ұзап шықпауға кеңес береді.