Бұл туралы "Рамстор Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми сайты хабарлады.
Мәлім болғандай, жарты жылдың ішіндегі бөлшек сауданың үлесі компанияның жалпы табысынан 0,8%-ті құраған. Сол себепті, сауда желісі елдегі 1 дүкенін сатып, 6 дүкенді өзге компанияларға жалға бермек. Бұның барлығы Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау агенттігінің ережелеріне сай жүргізіледі.