• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қазан, 2020

БҒМ ЖОО-ның пайдаланылмайтын лицензияларын қайтарып алады

142 рет
көрсетілді

Тізімге 12 жоғары оқу орны енді. Бұл шешімнің себебін Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов түсіндірді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Проблемалық ЖОО-лар бар. Олардың саны – 12. Олармен әңгімелесу жүргізілді, алдын ала тексерулер өтті. Қазір білім сапасын бақылау комитеті олардың лицензияларын қайтарып алу туралы шешім қабылдады. Бұл пайдаланылмағандары. Мысалы, жоғары оқу орындарының бірінде 45 мамандықтың 27-сі бойынша 1-2 адам оқиды. Бұл тиімсіз. Сондықтан қайтарды. Педагогикалық мамандықтарды бәрі бірдей жүргізе алмайды. Базасы, кадрлық құрамы жақсыларын қалдыратын болдық. Биыл алғаш рет шекті балл көтерілді, медальмен бітіргендердің көбі оқуға түсті, бұл жақсы үрдіс. Білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді Алшанов.