• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қазан, 2020

Гүлшара Әбдіқалықова "Ақ жол" демократиялық партиясының өкілдерімен кездесті

279 рет
көрсетілді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевты және партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жорабек Пірманов пен мүшесі Алмас Тұртаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде партиялардың өзара ынтықмастығын арттыру мәселелері талқыланды.  

"Біздің партия халықтың экономикалық, әлеуметтік саласын дамытуға арналған біршама жоспарларды ұсынбақ. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жетістіктерге жетеміз деген сенім бар. Сіздердің тараптарыңыздан бізге қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді Азат Перуашев.

Өңір басшысы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытында барлық партиялар мен ұйымдардың жобаларын қолдауға дайын екендігін жеткізді.