• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Білім 09 Қазан, 2020

7 мыңнан астам мектеп психологі мен әдіскері біліктілігін арттырды

249 рет
көрсетілді

Балалар арасында интернетке тәуелділікті анықтау және онымен күрес жолдарын ұсыну мақсатында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе мектеп психологтері мен әдіскерлеріне арнап оқыту семинарын өткізді. Аталған шараға еліміздің 17 аймағынан барлығы 7 647 мектеп психологі мен әдіскері қатысып, аталған бағыт бойынша біліктіліктерін арттырды.

– Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, ақпарат қол­жетімді әрі аудиторияға бейім­делген түрде ұсынылды, проб­леманың барлық аспектілері қозғалды және барлық сұраққа жауаптар ұсынылды. Әлемдік тәжірибеде қолданылып келе жатқан интернетке тәуел­ді­лікті анықтау методикаларымен жұмыс істеу бағыттары көрсетілді. Балалармен және оның ата-аналарымен жұ­мыс істеуге әдістемелік нұс­қау­лықтар берілді. Алдағы уа­қыт­та мектеп психологтері алған білімдерін міндетті түр­де өз жұмыстарында қолда­нады деп сенеміз, – дейді Алматы қаласы №5 мектеп-гим­назиясының психологтері.

Семинарда психология ғы­лым­дарының кандидаты, «Коммуникация және ұлт­­тық қауіпсіздік ғылыми-зерт­теу институты» ЖШС же­тек­­ші тренері, «Кәсіби пси­хологиялық лига» қо­ғам­дық бірлестігінің бас­қар­ма мүшесі, «Құрмет»­ орде­нінің иегері Сәу­ле Ізба­сарова, кризис жағдайын­да­ғы психолог, диагност, консультант, виктимиолог, эксперт, ме­диатор Әлия Байдрах­манова, тәжірибелі психолог, психолог-консультант Ли­­мана Қойшиева, психоло­гия ғы­лым­дарының ма­гистрі, Ха­лықаралық бизнес уни­вер­ситетінің доценті, Кәсіби пси­хотерапиялық лиганың жеке терапевті және мүшесі Айнұр Құлназарова, психолог, гештальт-терапевт Алина Асадиллаева секілді білікті тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қатысушыларына тұлға типтерін психоана­ли­тикалық диагности­калау, балалар мен жасөспірім­дер­дегі интернетке тәуелділік­ті анықтау бойынша әдісті тү­сін­діру, балалар мен жасөс­пі­рім­дер және олардың ата-аналарымен интернетке тәуелділіктің алдын алу бо­йынша педагог-психологтің коррекциялық жұмысы бо­йынша ақпараттар берілді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 18 қыр­күйегі күні «Мәскеу метрополитені» МУК ме­дициналық қызметінің 1-категориялы психофизиологі барлық қатысушыларға қосымша дәріс өткізді. Лекция youtube бейне­хостингінде 12 мың­нан аса көріліммен қарал­­ды.

Жоба ұйымдастыру­шы­лары мамандардың алған білі­мін алдағы уақытта тәжірибе жү­зінде тиімді пайдалануы үшін жыл соңына дейін семи­нар қатысушыларына сарап­тамалық қолдау көрсетіліп отыратынын жеткізді.

Түрлі зерттеулердің нәти­жесі бойынша әлем халқының 10%-ы интернетке тәуелді екені анықталған. Жапония, АҚШ, ҚХР сияқты бірқатар ел­де бұл дерт медициналық санат­қа жатқызылып, одан ары­лу үшін кәсіби мамандар көмек көрсетеді.

Елімізде аталған мәселе рес­ми түрде медициналық ауру ре­тінде тіркелмесе де, дерт­тің бары анық. Осы орайда «Жас ұлан» ұйымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «Жастар мен балалар ара­сында интер­нетке тәуелділіктің алдын алу жөніндегі іс-шаралар ке­шенін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың цифрлы бе­делін қорғау» жобасы ая­сын­да бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып жатыр. Алдағы уақытта ел­дегі интернетке тәуелділік жағ­дайын анық­тау мақсатында ауқым­ды әлеуметтік зерттеу жүр­гізілмек.