Соңғы екі аптада Солтүстік Қазақстанның Мағжан Жұмабаев ауданында жаман індет табылуының 24 жағдайы тіркелді. Соның ішінде аудан орталығы Булаев қаласында – 15, аудан аумағындағы елді мекендерде 9 жағдай болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
2020 жылғы 6 қазандағы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы өңірлік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 3-5 және одан да көп фактілері болған жағдайда ауылдық елді мекендерде, 7 және одан да көп жұқтыру фактілері болған жағдайда аудан орталықтарында карантин режімі енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы негізінде "Булаев қаласының аумағында шектеу іс-шараларын енгізу туралы" М.Жұмабаев ауданының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданды.
Осы қаулымен 2020 жылдың 9 қазандағы 10 сағат 00-ден бастап Булаев қаласында кәсіпкерлік және өзге де қызмет пен халықтың өмірінің ерекше шарттарымен шектеу шаралары енгізілді.
Булаев қаласына кіру мен шығу орындарында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында транзиттік жүк автокөлігін, сондай-ақ халықтың мұқтаждықтары үшін азық-түлік, ауыл шаруашылығы және өзге де тауарлары бар жүк автокөліктеріне тыйым салуды бақылау үшін 4 полиция бекеті орнатылды. Бұлар тек медициналық көліктердің кіріп-шығуын реттемейді.
Булаев қаласының тұрғындары пәтерлерден немесе үйлерінен шығуды сағат 22:00 - ден 6:00-ге дейін шектеуі керек. Қалған уақытта жақын дүкенге, дәріханаға және жұмысқа ғана баруға болады. Жұмысқа және медициналық көмеккеуға шектеу жоқ. Алайда көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің келуіне тыйым салынады. Сағат кешкі жетіден кейін кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз жүруіне шектеулер қойылады. 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режімін сақтау қажет.
Бұл аудан Ресей Федерациясының Омбы облысымен шектесетін. Жаман індетті сол жақтан келген жолаушылар мен жүргіншілер әкелуі мүмкін деген болжам бар.
Карантин режімінің қай уақытқа дейін созылатыны анықталмаған. Халық қазір мұндайға наразылық білдіруді қойған. Өздері үшін екенін бәрі де ұғыпты. Халқымыздың саналы, есті болғанына не жетсін.
Солтүстік Қазақстан облысы