• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Қазан, 2020

Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды

149 рет
көрсетілді

Төрт облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

10 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 10 қазанда түнде және таңертең Қарағанды қаласында тұман түседі.

10 қазанда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус суық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

10 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.

10 қазанда түнде Шымкентте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 10 қазанда Түркістан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшейеді. Түнде 1-3 градус үсік болады.

10 қазанда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-18 м/с жетеді.