• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Руханият 12 Қазан, 2020

Объективтегі өмір

203 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде мұғалімдер күніне орай Нұр-Сұлтан және Алматы қала­ларының мектепке дейінгі жетекші ұйымдардың қатысуымен «Балабақша – бола­шаққа бастар жол» атты фото­көрме өтті.

 

Сан түрлі суретке толы келелі шара­ның шымылдығы Ұлттық музейдің экс­кур­сиялық жұмыстар, музей педагогикасы және залдарды сақтау қызметі­нің басшысы Жанар Бейісова сөзімен түрілді.

– Бүгінгі көрме еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың маңыздылығын көрсетеді. Балдырғандарға тәрбие беруде педагогтердің рөлі жоғары. Олар­дың еңбегіне баға жетпейді. Осы ретте аталған көрме Мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеге қо­йылған жұмыстардан кішкентай балапандарымыз бен олардың тәрбиешілерінің балабақшадағы өмірлерін көре аламыз, – деді Ж.Бейісова.

Фотокөрмеге 200-ге жуық фотосу­рет қойылған. Олар – балалардың, тәрбие­шілердің, педагогтердің және Нұр-Сұлтан қаласы балабақшалары басшыларының жарқын, қызықты және мазмұнды өмір­лерінің әсерлі иллюстрациялары.

Шара барысында қатысушылар ұйым­дастырушыларға алғыс айттып, мұндай маңызды кездесулер жиі өтіп тұрса деген ізгі тілегін жолдады.

– Суреттерді түсіру барысында балалар мен тәрбиешілердің қарым-қатынасы жайында, балаларға қаншалықты кө­ңіл бөлінетіндігі, карантин кезінде ба­ла­­бақшаға келетін балалардың аздығына қа­ра­мастан, оларға толыққанды жағдай жа­салатындығын байқадым. Бүгінгі көрмеге 40-қа жуық жұмысым қойыл­ды. Бұған дейін де бірнеше фотокөрмеге қатыстым. Балалармен жұмыс істеген өте қатты ұнады, – дейді фотограф Марат Әміров.

Айта кетейік, іс-шараның қоры­тын­дысы бойынша осы жобаға қатысқан бала­бақшалар мен олардың меңгерушісі туралы фотосуреттер және ақпаратты қамтитын жалпы каталог-журнал шыға­рылады.